Гасанов: Алматыдағы шектеулер бізге ешқандай ауыртпалық әкелмейді

21 Наурыз 2021, 18:25
1921
Бөлісу:
Гасанов: Алматыдағы шектеулер бізге ешқандай ауыртпалық әкелмейді

Алматы, BAQ.KZ. Бұл туралы өзінің Facebook-тегі парақшасында Республикалық арнайы мониторингтік топ төрағасының орынбасары Рафаэль Гасанов жазды. 

2021 жылдың 21 наурызынан бастап Алматыда карантиндік шектеу шаралары күшіне енеді. Бұл - бізге ешқандай да ауыртпалық алып келмейтін, бәріміздің қолымыздан келетін шаралар. Вирустық инфекцияның өте жылдам таралуына байланысты, біз бұл тізбекті тоқтатуымыз қажет, - деп жазды ол.

Сонымен бірге қоғам өкілі басқа қала тұрғындары сияқты оған да мерекелік шаралардан бас тартуға тура келетінін атап өтті.

Өзімнің, достарымның және олардың жақындарының денсаулығына қауіп төндіруге құқым жоқ екенін түсінемін. Менің жақындарым, әріптестерім және басқалары мемлекетімізге пандемияны ең болмағанда, осы деңгейде ұстап тұруға көмектесіп, заң бойынша өмір сүрген дұрыс екенін түсінеді, – деді ол.

Осы ретте Гасанов пандемия басталғалы бір жыл өткенін еске салды. Осы кезеңде коронавирус инфекциясынан адам өлімімен аяқталған қайғылы жағдайлар да бар, олардың арасында Қазақстан Азаматтық альянсының президенті Салтанат Рахымбекова және Қазақстан Азаматтық альянсының вице-президенті Мұсағали Дуамбеков те бар.

Өзгелердің жаңалығы