Онколог ми ісігін айқындайтын жеті белгіні атады

21 Наурыз 2021, 22:38
4841
Бөлісу:
Онколог ми ісігін айқындайтын жеті белгіні атады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шетелдік онколог қарапайым адамға ми ісігін қалай анықтауға болатынын айтты.

Бұл туралы Манчестер қаласы Кристи ауруханасының онколог-дәрігері Кэтрин Макбейн айтты, деп хабарлады The Independent. 

Айтуынша, ми ісігі пайда болуының бірден бір белгісі - адамның селкілдеп ұстамасының ұстап қалуы. Егер бұндай жағдай, дені сау адамда пайда болса, көп ұзамай дәрігерге көрінген дұрыс. Бұл ретте адамның әлсіреп қалуына мән беру қажет. Әсіресе мұндай сезім дененің бір жақ бөлігінде айқын білінсе, сондай-ақ бірнеше апта ішінде ауру белгісі үдей түссе, бірден дәрігердің қабылдауына асығыңыз.

Сонымен қатар адамның ісікке шалдыққанын сөйлеудегі бұзылыстардан білуге болады. Сол себепті адамның аяқ астынан түсініксіз сөйлеп, тілінің күрмеліп қалуына мән берген жөн. 

Дерттің тағы бір белгісі - мәтінді дұрыс оқи алмау немесе сөз мағынасын дұрыс жеткізе алмау. Егер сізге кітап оқу, хабарлама жазу біраз уақыттан бері қиындық туындатып келсе, демек денсаулықта ақау бар дегенді білдіруі мүмкін. Мәселен сіз сөздерді анық көріп тұрсыз, алайда ісік салдарынан олардың мағынасын үңіліп, түсіне алмайсыз.

Ісік салдарынан адамның мінез-құлқы да өзгеруі мүмкін. Өйткені осындай дертке шалдыққан науқастар тұйық болып кетеді немесе есінен жаңыла береді. Ауруға тап болған адам бұрын оңай еңсере алатын мәселелерін шешуде қиындыққа тап болуы мүмкін. Мысалы бұрын музыкалық аспапта ойнап жүрген адам оны қалай ойнайтынын ұмыта беріп, алаңғасар болып қалуы мүмкін.

Бұдан бөлек көздің көру қабілеті нашарлап кеткен жағдайда офтальмолог-дәрігерге ертерек көрініп, көзді толық тексерткен дұрыс. 

Макбейннің айтуынша, мидағы ісік адамның жанындағы затты көру мүмкіндігін төмендетіп жібереді. Мәселен ісікке шалдыққан адам оң немесе сол жағында отырған адамды көре алмауы мүмкін.

Жалпы қарапайым бас ауруы мида ісіктің бар екенін білдірмейді. Онкологтың сөзінше, бас ауруы ұзақ уақыт бойы мазаласа және бұрынғы бас аурынан ерекшеленсе, міндетті түрде дәрігерге көріну қажет.

Өзгелердің жаңалығы