Балалар үшін арнайы Instagram желісі жасалады

21 Наурыз 2021, 07:49
1210
Бөлісу:
Балалар үшін арнайы Instagram желісі жасалады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Facebook жасы 13-ке жетпеген балалар үшін арнайы Instagram сервисін жасайды, деп хабарлайды Inbusiness.kz порталы Bloomberg агенттігіне сілтеме жасап.  

Біз Instagram-ға ата-аналар басқаратын жүйені қосуды жоспарлап отырмыз. Ол жерде де балалар достарымен сөйлесіп, жаңа хобби немесе қызық ақпарат таба алады,– дейді Facebook өкілі Джо Осборн. 

Ескере кететін жайт, бұған дейін Facebook әлеуметтік желісі балаларға арналған жүйесін қосқан еді. Ол Messenger Kids деп аталады. Бұл – Facebook-тың жасөспірімдердің хабар алмасуы үшін жасалған нұсқасы. Оны да баланың ата-анасы қадағалай алады. 

Өзгелердің жаңалығы