Атырауда жол апатынан белгілі актриса опат болды

21 Наурыз 2021, 18:53
3450
Бөлісу:
Атырауда жол апатынан белгілі актриса опат болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Театр актрисасы Әсел Салауатқызы Атырау-Доссор тас жолында апатқа ұшырады.

Бұл туралы ktk.kz сайты хабарлады.

Қайғылы оқиға 19 наурыз күні Атырау-Доссор тасжолында болған. Газель мен ВАЗ-2114 автокөліктері соқтығысты. Соның салдарынан көліктің жолаушысы оқиға орнында қайтыс болды. Ол 1997 жылы туған театр актрисасы Әсел Салауатқызы болған.

Қазір аталған факті бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Апат салдарынан қайтыс болған талантты актриса Махамбет Өтемісұлы атындағы драма театр жанындағы жастар театрының актрисасы болған. 

«Алғашқы махаббат», «Үйлену оңай», «Дабыл», «Клеопатра», «Желтоқсанның бір түні» атты және тағы басқа да қойылымдарда рөл сомдаған.



Өзгелердің жаңалығы