«Таза табиғат» жобасы: Маңғыстауда 2500-ге жуық ағаш отырғызылды

21 Наурыз 2021, 19:08
3213
Бөлісу:
«Таза табиғат» жобасы: Маңғыстауда 2500-ге жуық ағаш отырғызылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қаланы көгалдандыру жұмысы «Таза табиғат» жобасының «Мекенім - жасыл елім» атты республикалық акциясы аясында орындалып жатыр.       

Акцияға қатысушылар ішінде басқарма басшылары мен мекеме мамандары, Қазақстан Ассамблеясының өкілдері, еріктілер бар. Олар алдымен 17, 18-шағын ауданнан бастап 16-19-шағын аудандардың орталық көшелеріне, 32 және 35-шағын аудандағы Қан орталығына дейін шырша екті.     

«Таза табиғат» жобасы: Маңғыстауда 2500-ге жуық ағаш отырғызылды

    

Шараға Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Абзал Меңдібаев та атсалысты.      

«Таза табиғат» акциясы 5 бағытты қамтиды. «Мекенім - жасыл елім» бағыты бойынша ағаш отырғызса, оқушылар «Бұл - менің ағашым» челленджін өткізеді. Сонымен қатар «Таза су айдындары» бағыты бойынша бұлақ көзін ашу, «Таза жағалау» акциясы ұйымдастырылып жатыр. Қазір жағалау аймақтарына, су қоймалары мен қаумалдарға сенбілік жүргізіліп жатыр, - дейді облыстық Табиғи ресурстар және табиғатты реттеу басқармасының өкілі Динара Еңсеген.        

«Таза табиғат» жобасы: Маңғыстауда 2500-ге жуық ағаш отырғызылды


 

Айта кетейік, акция Президент тапсырмасына сәйкес Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің ұйымдастыруымен өтіп жатыр.

«Таза табиғат» жобасы: Маңғыстауда 2500-ге жуық ағаш отырғызылды


 

Өзгелердің жаңалығы