Шектеу шараларына ашуланғандар да болды – рестораторлар қауымдастығының басшысы

21 Наурыз 2021, 15:11
1189
Бөлісу:
Шектеу шараларына ашуланғандар да болды  – рестораторлар қауымдастығының басшысы

Алматы. BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласында енгізілген бір апталық қатаң шектеу шараларына қатысты ақпаратты кәсіпкерлер әр түрлі қабылдады. Ашуланғандар да, басу айтқандар да болды, дейді Қазақстан рестораторлар клубы қауымдастығының басшысы Гүлнар Катибаева.

Бұл туралы ол Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында айтты.

Бізде рестораторлардың бірнеше чаты бар. Енді ашылған кәсіпкерлік нысандарының иесі әрине бір аптаға жұмыс тоқтайды деген жаңалықты жақсы қабылдаған жоқ. Оның үстіне шектеу шаралары халық демалатын мереке күндерімен тұспа тұс келетін болған соң. Ал бұрыннан жұмыс істеп жүрген рестораторлар байсалдылық танытты. Бір жағынан халықтың көбі ауырып жатыр. Оның ішінде кәсіпкерлердің туыстары да, таныстары да, өздері де бар болуы мүмкін. Сондықтан әрине, алғашқы эмоциялар басылған соң олар денсаулық маңыздырақ екенін түсінді. Қалыпты жұмыс режиміне оралу үшін бір апта талапты қатаң сақтап, эпидемиологиялық жағдайды оңалту қажет екенін өздері де айтты, - деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, кеше Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин шаһарда эпидемиологиялық жағдайдың төмендеуіне байланысты 21-28 наурыз аралығында қатаң шектеу шаралары қолданылатынын мәлімдеді

Өзгелердің жаңалығы