Алматының экобелсенділері қарағайлы орманға ағаш екті

21 Наурыз 2021, 21:04
3169
Бөлісу:
Алматының экобелсенділері қарағайлы орманға ағаш екті
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Б.Момышұлы көшесі бойында орналасқан АвтоХҚКО жолында тұрған Алматы қаласындағы «Қарағайлы орман» аумағында кезекті ағаш отырғызу рәсімі өтті. 

Алматының экобелсенділері қарағайлы орманға ағаш екті

ECO FUND Tabigat - экопаркті құру жобасының бастамашысы және Наурызды мерекелеуге орайластырылған кезекті отырғызудың ұйымдастырушысы болды. Көгалдандыру жұмыстары Қазақстанның көгалдандыру қауымдастығымен бірлесумен және Жасыл экономика басқармасының, Алатау ауданы әкімдігінің, сондай-ақ бизнестің қолдауымен жүргізілді.

Алматының экобелсенділері қарағайлы орманға ағаш екті

«Қарағайлы орман» экопаркін дамыту жобасы бір жыл бұрын 2020 жылдың қаңтарында басталды. Қаланың белсенді тұрғындары паркке алғашқы 33 қарағай ағашын отырғызған еді. Өткен жылы осы жобаға тек қоғам мен еріктілер ғана емес, бизнес пен жоғары оқу орындары, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар да назар аударды. Бүгінгі таңда «Қарағайлы орманда» 3 500-нан аса ағаш бар. Ұйымдастырушылар бірнеше жылдан кейін бір жыл бұрын қоқыс полигоны болған жерде қаланы оттегімен байытатын ну орман өседі деп үміттенеді. Қазірдің өзінде «Қарағайлы орман» қала үшін 197 тонна көмірқышқыл газын сіңіріп, 120 тоннаға дейін шаңды ұстап, қосымша 219 тонна оттегі өндіреді.

Алматының экобелсенділері қарағайлы орманға ағаш екті

Эко қорының жеке зерттеуі қалада жасыл желектер ДДҰ талап еткен нормалардан 4 есеге аз екенін көрсетті. 

Алматының экобелсенділері қарағайлы орманға ағаш екті

Біз сіздермен бірге еліміздегі экология ахуалының қалай қалыптасып отырғанын бұрыннан білеміз. Қала тұрғындары қаламыздың үстінде қалқып тұратын түтінді күнделікті көріп жүр деп ойлаймын. Сондықтан біздің Қор көгалдандыру қажеттігіне барынша назарды аудартуға күш-жігер жұмсап, көпшілікті осы игі іске тартуға тырысатын болады. Біз бұл ситуацияны қарапайым азаматтардың, биліктің және әлеуметтік жауапты бизнестің бірлескен күшімен ғана жақсарта алатын боламыз! Біздің экологиямыздың қолайсыз жағдайын түзеу бір күндік іс емес, сондықтан біздің алдымызда жүргізілетін жұмыстардың саны көп және әрине, бізге қолдау қажет болады!, - деді «Қарағайлы орман Алматы» жобасының бастамашысы, ECO FUND Tabigat төрағасы, көгалдандыру қауымдастығының төрағасы Тимур Елеусізов.

Бүгін Экопаркте отандық тәлімбақта өсірілген катальпа (сәнағаш) тұқымды ағаштардың 300 көшеті отырғызылды. Қалалық ландшафтта жиі кездесетін катальпа (сәнағаш) топыраққа көп баптауды талап етпейтіндігімен және аязға жақсы төзімді болатындығымен ерекшеленеді. Ересек ағаштың ұшар басының ауқымды формасы айналасына үлкен көлеңке береді.

Қаланың жасыл қорын дамыту үшін жағдай жасаудың аса қажетті екенін түсінгендіктен, біз бұл жобаны өткен жылы іске асыруға қосылдық. Көшеттерді сатып алуға қосатын болмашы үлестің іс жүзінде денсаулығымыз бен қаламызды жалпы жақсартуға беретін пайдасы зор. Сондықтан біз үшін бір рет ағаш отырғызу ғана емес, олардың атап айтқанда саябақтың шынымен өмір сүріп, гүлденніп жатқанына көз жеткізу аса маңызды болды,- деді Evrika компаниясының коммерциялық директоры Данияр Сасыков. 

Бүгін қатысушылар ағаш отырғызып қана қоймай, Алматыдағы Қарағайлы орман аумағында қоқыс жинау бойынша сенбілік ұйымдастырды. Өткен жылы орманда жүргізілген ағаш отырғызудан басқа, Алатау ауданы әкімдігі тарапынан да жобаның басында уәде етілгендей, көшеттерді уақыттылы суаруды қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілді.

Өзгелердің жаңалығы