Павлодарда мерекелік трамвай жолға шықты

21 Наурыз 2021, 13:46
1124
Бөлісу:
Павлодарда мерекелік трамвай жолға шықты
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  Наурыз мейрамына орай қала тұрғындарына мерекелік көңіл-күй сыйлайтын трамвай әсем безендірілген,  деп  хабарлайды  pavlodarnews.kz.

Өңірлік Қазақстан халқы Ассамблеясы өз бастамасын Наурыз мерекесіне және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арнады.

«Ватан» әзірбайжан этномәдени бірлестігінің төрағасы Джафар Махмудов ұзақ жылдар бойы трамвай басқармасында жұмыс істеген. Ол Ассамблея трамвайы мереке қарсаңында рәсімделіп, жыл соңына дейін  жүретінін түсіндірді.

Павлодарда мерекелік трамвай жолға шықты

Біз алғашқы сапарымызды №2 маршрут бойынша бастауды  ұйғардық.  Алдағы уақытта ҚХА трамвайы №5 бағыт бойынша жүретін болады, - дейді Джафар Махмудов. 

Мерекеге орай №102 вагонды «Павлодар қаласының трамвай басқармасы» АҚ басқарма төрағасы Мүслім Махмудов өзі жүргізді. Ол еңбек жолын 1988 жылы трамвай басқармасында үшінші класты трамвай жүргізушісі болып бастаған.

Павлодарда мерекелік трамвай жолға шықты

Ассамблеяның жастар ұйымының мүшелері  жолаушыларды Наурыз мерекесімен құттықтап, тәтті сыйлықтар таратты. ҚХА шығармашылық ұжымдары домбыра мен сырнайдың  сүйемелдеуімен қазақ халық әндерімен орындап, оларға мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Өзгелердің жаңалығы