Түркия турнирі: Қазақстандық спортшылар төрт медаль алды

21 Наурыз 2021, 13:29
1022
Бөлісу:
Түркия турнирі: Қазақстандық спортшылар төрт медаль алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркияның Стамбул қаласында жүзуден ересектер мен жастар арасында ашық халықаралық турнир өтіп жатыр, деп жазды Olympic.kz.

Қазақстандық спортшылар Олимпиада алдындағы оқу-жаттығу жиындары аясында байрақты бәсекеге қатысты. Жарыс нәтижесі бойынша қазақстандық спортшылар төрт медаль жеңіп алды. 

100 м қашықтықта "баттерфлай" әдісімен жүзу бойынша Әділбек Мусин топ жарды. Дмитрий Баландин 50 м дистанцияда күміске ие болды. Ал Әділ Қасқабай еркін стильде 100 м қашықтықта жүзу бойынша төртінші орыннан көрінді. 

Әйелдер арасында брасс бойынша 50 метрді Аделина Пчелинцева бірінші болып жүзіп өтті. Анастасия Резванцев 200 м қашықтықта екінші орынға жайғасты. Айта кетерлігі, аталған жарыс 21 наурызға дейін жалғасады.

Өзгелердің жаңалығы