Токио Олимпиадасына шетелдік жанкүйерлер бармайды

21 Наурыз 2021, 07:19
1183
Бөлісу:
Токио Олимпиадасына шетелдік жанкүйерлер бармайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.Токиодағы Олимпиада және Паралимпиада ойындарына шетелдік жанкүйерлер бара алмайды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Kyodo агенттігінің мәліметінше, ел үкіметінің мұндай шешіміне коронавирус пандемиясы себеп болған. Дүние жүзінде вирус әлі де тарап жатқан соң Жапония төртжылдықтың басты жарысын қауіпсіз деңгейде өткізбек.

Олимпиада ойындарына алдын ала билет алып қойғандарға ақшасы қайтарылады.

Еске салайық, былтыр шегерілген Токио Олимпиадасы биыл 23 шілде мен 8 тамыз арасында өтеді.

Өзгелердің жаңалығы