Шөкеев Turkistan арнасының ұжымын құттықтады

21 Наурыз 2021, 21:22
1486
Бөлісу:
Шөкеев Turkistan арнасының ұжымын құттықтады
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістанның төл телеарнасы - «Turkistan» Ұлыстың Ұлы күні Әз-Наурыз қарсаңында тұсауын кесті.

Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Шөкеев Turkistan арнасының ұжымын құттықтады

Түркілерге ортақ телеарна «Отау ТВ» ұлттық спутниктік желісі және кабельдік желілер арқылы қалың көрерменге жол тартты. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша құрылған халықаралық «Turkistan» телеарнасы түркітілдес мемлекеттердің ақпарат кеңістігінде 3 тілде хабар тарататын арна болмақ. 

Шөкеев Turkistan арнасының ұжымын құттықтады

Айтулы күнге орай облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев «Turkistan» халықаралық телеарнасына арнайы келіп, жылы лебізін білдірді. Телеарна ұжымына шығармашылық табыс тіледі. 

Бүгінде телеарнаға есімі елге белгілі, қолынан іс келетін 100-ден аса кәсіби маман жиналған. Телеарна әзірге тәулігіне 16 сағат эфирге шығады. Телеарна күн сайын өзекті ақпараттар мен қызықты бағдарламалар, телехикаялар мен деректі фильмдер топтамасын ұсынады. «Turkistan» телеарнасы түркітілдес елдер арасындағы ақпарат алмасу мен бірегей ортақ медиа кеңістік қалыптастыруға алтын көпірге айналмақ, - делінген хабарламада.

Шөкеев Turkistan арнасының ұжымын құттықтады

Елбасы 2018 жылы телеарна құру туралы тапсырма беріп, соның негізінде Түркістан телеарнасы құру жоспары бекітілген болатын. 2019 аталған телеарнаның іргетасы ретінде Түркістан қаласында өңірдің ақпарат саласының дамуына қолдау көрсету мақсатында жаңа медиа орталық іске қосылды.

Бүгін Түркі елдерінің үздік ақпарат өкілдерімен телеарна ұжымы арасында ынтымақтастық бағытында меморандумға қол қойылды. Бұл – елдер арасындағы ақпарат алмасу мен бірегей ортақ медиа кеңістік қалыптастырудың алғышарты. Меморандум аясында атқарылар жұмыстар – Түркі интеграциясының одан ары нығаюына оң ықпалын тигізетін болады.

Өзгелердің жаңалығы