Все новости за 29 тамыз 2020
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Мешітте 140 оқушыға мектеп құралдары тапсырылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтау қалалық Бекет ата мешітінде тұрмысы төмен отбасылардың балаларына мектепке қажетті оқу-құралдары тапсырылды. Мешіт тізіміндегі бұл отбасылардың балғындары оқу жылын су жаңа құралдармен бастамақ.
-
Қазақстанда 36 градус ыстық болады
Нұр-Сұлтан, BAQ.K. Ертең еліміздің бірнеше өңірінде қатты ыстық пен найзағай болады деген дабылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Қазгидромет.
-
«Біз есірткіге қарсымыз!». Көліктегі полиция тегін маска таратты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Көліктегі полиция департаменті «Біз есірткіге қарсымыз!» акциясы аясында тегін маскалар таратты.
-
Елордада 80-ге жуық карантин режимін бұзу деректері анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Карантинге байланысты мейрамханалар мен кафелер 23: 00-ге дейін жұмыс істей алады, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.
-
Қарағандыда жүк көліктеріне екі күнде 4 млн теңге айыппұл салынған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысының жылжымалы көлік инспекциясы екі күнде 29 заңбұзушылықты анықтап, 4 миллион теңгеге айыппұл салған, деп хабарлайды «Хабар 24».
-
СҚО-да қатты өрт болып жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Петропавл қаласының маңындағы Пестрое көлінің жанында қатты өрт шықты, деп хабарлайды zakon.kz.
-
Атырауда жолаушылар пойызы тоқтатылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау облысының бас санитарлық дәрігері Қанат Ғайнеденов облыстағы карантинді ұзарту туралы Қаулыға қол қойды.
-
Шымкентте карантин тағы екі аптаға ұзартылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жұмабек Ержанов карантинді ұзарту туралы қаулы шығарды.
-
Андрей Голубев Италиядағы жарыста топ жарды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық теннисші Андрей Голубев пен оның жұбы уругвайлық Ариэл Бехар Италиядағы «Челленджер» сериясында жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.
-
Қазақстандық әскери дәрігерлер Ливаннан оралды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қорғаныс министрінің орынбасары Руслан Шпекбаев елорда әуежайында дәрігерлерді салтанатпен қарсы алды. Бұл туралы "Хабар 24" хабарлады.
-
Ақтөбелік полицейлер Конституция күнін атап өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Конституция күніне орай Ақтөбеде полиция қызметкерлері марапатталды. Бұл туралы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
-
Ресей: Хабаровскідегі наразылық акциясы 50 күн бойы жалғасып жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ресейдің Хабаровск өлкесінде тұрғындар губернатор Сергей Фургалдың қамауға алынуына байланысты 50 күн бойы наразылық білдіріп жатыр. Бұл туралы DW сайты жазды.
-
Шымкентте биыл 104 тұрғын үй беріледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласында «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында жыл соңында 104 көпқабатты тұрғын үй пайдалануға беріледі. Осылайша 5800 отбасы баспаналы болады. Үйлердің басым көпшілігі негізінен әкімшілік-іскерлік орталығында, «Шымкент сити» мен «Тұран» шағын аудандарында бой көтеруде. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
-
Швецияда ауқымды тәртіпсіздіктер басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Швецияда исламға қарсы топ мүшелері елдің көзінше Құран кітабын өртеп жіберді. Бұл оқиғаның салдарынан 28 тамыз күні кешкі уақытта Мальме қаласында жаппай тәртіпсіздіктер болды. Бұл туралы швециялық SVT телеарнасы хабарлады.
-
Қазақстандықтардың болашақтағы бейнесі қандай болмақ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда форсайт сессиялары аяқталды. Сарапшылар қазақстандықтардың қазіргі басты трендтерін зерттеп, үш бағыт бойынша 2030 жылға дейінгі сценариін ұсынды.
-
Маңғыстау облысында 144 отбасы баспаналы болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығына орай облыс әкімі Серікбай Трұмов бір топ ақтаулық отбасыға пәтер кілтін табыстады. 19 А шағын ауданында салынған көпқабатты тұрғын үй «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында пайдалануға берілді. Аймақ басшысы барша жиналған тұрғындарды мерекемен күнімен құттықтап, жаңа пәтердің кілттерін тапсырды. Бұл туралы Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
-
Илон Маск: Адамдарды чиптеудің бағасы қанша?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Америкалық танымал кәсіпкер, миллиардер Илон Маск адамдарды чиптеудің бағасын айтты деп хабарлайды РИА Новости.
-
Елорда әкімі пәтер кілттерін тапсырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Конституция күні қарсаңында Нұр-Сұлтанда «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында салынған әлеуметтік пәтерлер кілті табысталды. Жаңа тұрғын үй кешенінде 250 пәтер бар. Олар тұрғын үй құрылыс жинақ банкі салымшылары мен кезекте тұрғындар (халықтың әлеуметтік осал топтары) арасында бөлінеді.
-
Футболдан Қазақстан чемпионатының VII кезеңінің жарыс кестесі жарияланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы OLIMPBET-Қазақстан Чемпионатының VII-турының ойындары туралы ақпаратты жариялады, деп хабарлайды Olympic.kz.
-
«Алаш жылнамасы» оқырманға жол тартты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Азаматтық көзқарасымыздың қалыптасуына үлкен әсер етті. Алаш ұлттық ойлаудың, елдік мүдденің негізгі ұстындарының бірі.
-
Түркістанда селден зардап шеккен тұрғындар баспаналы болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Конституциясы күні қарсаңында Түркістан облысы, Төлеби ауданындағы үйлерін тасқын су шайып кеткен 42 отбасына жаңа үйлердің кілті тапсырылды.
-
Шымкентте 300-ден астам азамат «Қазақстан Конституциясына 25 жыл» медаліне ие болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласының 329 азаматы ҚР Президентінің Жарлығымен «Қазақстан Конституциясына 25 жыл» мерекелік медаліне ие болды.
-
Әлемде алғаш рет доңыздың басына чип енгізілді
Алматы, BAQ.KZ. Американдық кәсіпкер әрі өнертапқыш Илон Маск миды чиптеу жобасының барысымен бөлісті.
-
Конституция – әрбір азаматтың мақтанышы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 30 тамыз - Қазақстан Конституциясының 25 жылдығы. Ата заң еліміздің басты құжаты болғандықтан ел тарихы мен оның дамуы, қалыптасуындағы алатын орны ерекше. Айтулы күні тарих ғылымдарының докторы Аққали Ахмет Конституцияның қалыптасуы туралы айтып берді.
-
Токиоға дейін спортшылар бабын жоғалтып алмай ма?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Пандемиядан қатты зардап шеккендердің бірі – спортшылар. Биылғы жылы жоспарланған халықаралық ірі жарыстардың басым бөлігі кейінге шегерілді. Олардың арасында Токио Олимпиадасы да бар.
-
Тәуелсіздіктің тірегі - Ата Заң
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биыл Ата Pаңымыз – Ел Конституциясына 25 жыл толып отыр. Конституция – ең жоғарғы заңдық күшке ие құжат.
-
Токиода Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы күніне фотокөрме ашылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Дайго Фукурю Мару» музейінде Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы күніне, сондай-ақ Семей ядролық сынақ полигонының жабылуының 29 жылдығына орай арнайы фотокөрме ашылды.
-
Зүлфия Чиншанло халықаралық жарыста күміс медаль алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ауыр атлетикадан Қазақстан құрама командасының өкілі Зульфия Чиншанло әлем кубогінде күміс медальға ие болды, деп хабарлайды Olympic.kz.
-
Алаяқтық бойынша сотталған азамат пробация қызметкеріне 40 мың теңге пара ұсынған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Таразда пробация қызметінің қызметкеріне пара ұсынудың тағы бір дерегі әшкере болды.
-
Көлгінов әлеуметтік пәтерлер кілтін табыстады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Конституция күні қарсаңында Нұр-Сұлтанда «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында салынған әлеуметтік пәтерлер кілті табысталды.
-
Сапарбаев: Сапалы білім – сауаттылық қана емес, сонымен қатар жақсы тәрбие
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тараз қаласында «Білім саласындағы: жаңа оқу жылының ерекшеліктері» тақырыбында онлайн режимде дәстүрлі тамыз педагогикалық конференциясы өтті.
-
Түркістан облысы: Полицейлер азаматтарға тиімді болу үшін акцияны тағы бір күнге жалғастырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ай сайын республика көлемінде азаматтармен кері байланысқа түсу мақсатында ұйымдастырылып жүрген «Жолда қабылдау» акциясы 26-27 тамыз аралығында өткізіліп, 29-тамыз яғни үшінші күнге жалғасты. Түркістан облысы Полиция департаментінің полицейлері карантин талаптарын сақтай отырып, армениялық көліктерді уақытылы тіркеп үлгеру мақсатында облыс тұрғындарын қабылдады. Бұл туралы polisia.kz хабарлады.
-
Алматыда жедел жәрдемнің 180 бригадасы бар
Алматы, BAQ.KZ. Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Камалжан Надыровпен бірге Алматы қаласының Жедел медициналық жәрдем қызметінің жұмысымен танысып, күзгі кезеңге дайындығын бағалады.
-
COVID-19-ға қарсы қазақстандық вакцинаны ДДСҰ ресми түрде клиникалық сынақтарға жіберді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты әзірлеген қазақстандық деактивті вакцинаны клиникалық сынақтарға жіберілген вакциналар тізбесіне ресми түрде енгізді. Бұл тізімге әлемнің 19 елінен 33 вакцина түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ДДСҰ сайтына сілтеме жасап.
-
Армениядан әкелінген көліктерді тамыздың 30-31 күндері де тіркеуге болады
Алматы, BAQ.KZ. Халыққа құқықтық көмек беріп, тәртіп сақшыларымен арасындағы байланысты нығайтып, сенімділікті арттыруға бағытталған "Жолда қабылдау" акциясы бүгін де жалғасып жатыр.
-
Жапония: Абэ отставкаға кете ме?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жапония Премьер-министрі Синдзо Абэ денсаулық жағдайына байланысты отставкаға кетуге ниетті. Бұл туралы Kyodo News хабарлады.
-
Абай оқуларының жеңімпаздары мен жүлдегерлері марапатталды
ҚР БҒМ «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы қазақ халқының ұлы ақыны, ағартушысы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына тұспа-тұс келген жалпы білім беру ұйымдарының 8-11(12) сынып оқушылары арасында ХХІ республикалық Абай оқуларын 23-25 тамыз күндері аралығында өткізді. Бұл туралы БҒМ баспасөз қызметі хабарлады.
-
Жасотандықтар Конституцияның 25 жылдығына орай 25 түп алма ағашын отырғызды
Алматы, BAQ.KZ. Алматылық жасотандықтар еріктілермен бірлесіп акция өткізді, шара барысында Алмалы ауданының жастар скейтпаркі аумағында 25 алма көшеті отырғызылды. Бұл сан кездейсоқ емес, акция ҚР Конституциясының 25 жылдығын мерекелеуге арналған.
-
Ата заңымыз 30 озық елдің қатарына қосылудың құқықтық негізін қалыптастырды - заңгер
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан Республикасының қабылданғанына 25 жыл толып отыр. Осы ретте Л.Н.Гумилев атындағы Заң факультетінің деканы, заң ғылымдарының докторы, профессор Жамаладен Ибрагимов өз пікірімен бөлісті.
-
Антикор қызметкерлері «Қазақстан Конституциясына 25 жыл» мерейтойлық медальдарымен марапатталды
Алматы, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығының құрметіне орай Агенттіктің бірқатар қызметкері марапатталды.
-
FlyArystan ұшағы Атыраудан сегіз қалаға ұшады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау облысының əкімі Махамбет Досмұхамбетов жыл басында халықтың өзге қалаларға әуе жолы арқылы қатынауын қолжетімді ету мақсатында тиісті мекемелерге тапсырма берген болатын. Өткен айдан бастап Атыраудан FlyArystan əуе компаниясы сегіз қалаға ұша бастады. Бұл туралы облыстық коммуникациялар қызметінің баспасөз қызметі хабарлады.
-
Сағынтаев жаңадан ашылған «Шыңға Өрлеу» әлеуметтік клубында болды
Алматы, BAQ.KZ. Алматы әкімі аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың балаларына арналған «Шыңға Өрлеу» әлеуметтік клубында болды. Бұл туралы ол өзінің инстаграмдағы парақшасында жазды.
-
АҚШ-та мыңдаған адам нәсілдікке қарсы наразылық танытты
Алматы, BAQ.KZ. Қара нәсілділердің құқығын қорғауға арналған марштың 57 жылдығына орай Вашингтондағы Авраам Линкольн мемориалы алдына мыңдаған адам жиналып, наразылық шарасын өткізді. Бұл туралы The Washington Post басылымы жазды.
-
Конституция - 30 озық елдің қатарына қосылудың темірқазығы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ата заң - елдің бас құжаты. 30 тамыз - елдің бас құжатына 25 жыл. Осыған орай, заң ғылымдарының докторы Жамаладин Ибрагимовпен әңгіме өрбіткен едік.
-
Оралда электр энергиясының тарифі көтерілді
Алматы, BAQ.KZ. Табиғи монополияларды реттеу департаменті «Батыс Энергоресурсы» ЖШС-нің жобасын назарға алып, электр энергиясының тарифін көтеруді мақұлдады.
-
«Намаз оқымайтын адам – КӘПІР» дейтіндерге жауап
Алматы, BAQ.KZ. Нұр-Мүбарак баспасынан жат діни ағымнан сақтану бағытында «Намаз оқымайтын адам – КӘПІР» дейтіндерге жауап» атты жаңа кітап жарық көрді.
-
Алматыда праймеризге 300-ге жуық адам тіркелді
Алматы, BAQ.KZ. Бүгін 17 тамызда басталған праймериздің алғашқы кезеңі аяқталды.
-
Семей полигонының жабылуына 29 жыл: Тоқаев үндеу жасады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақорданың ресми сайтында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Семей ядролық полигонының жабылған күніне байланысты Үндеуі жарияланды.
-
Майқұдықта ауқымды жол жөндеу жұмыстары жүргізілуде
Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Қарағандының Магнитогорск көшесінен Карл Маркс көшесіне дейінгі жалпы ұзындығы 10,5 шақырымды құрайтын жолда күрделі жөндеу жүргізіліп жатыр. Қарағандының Майқұдығын орталықпен байланыстыратын басты күре жолдағы құрылыс жұмыстарының қалай жүріп жатқандығын байқап қайтқан едік.
-
Конституция – халық пен биліктің өзара іс-қимыл принциптерін белгілеп берді – сарапшы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Тұңғыш Президенті Қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институтының (ӘЭСИ) сарапшысы Лидия Пархомчик 1995 жылдың 30 тамызы Қазақстанның жаңа тарихындағы тарихи кезең болғанын айтты.
-
Маңғыстауда дәрігерлер марапатталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов ҚР Конституциясының 25 жылдық мерекесіне орай, қажырлы еңбегімен еленген бірқатар медицина саласының мамандарын ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан мемлекеттік наградалармен марапаттады.
-
1 айда КВИ белгілері бар пневмонияға 25 мыңнан астам адам шалдыққан
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмониядан 4 науқас қайтыс болды.
-
Коронавирустан тағы 9 адам қайтыс болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР ДСМ баспасөз қызметі 29 тамызға арналған коронавирустық инфекциямен ауырғандарға қатысты ақпаратты таратты.
-
ХҚКО-да табысқан жұптар
Алматы, BAQ.KZ. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы көптеген жастың махаббатының куәсі болып, қазақстандық жас отбасылар қатарын көбейтуге өз үлесін қосып келе жатқан мекеме.
-
Бүгін Семей полигонының жабылғанына – 29 жыл
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақ еліне жаншошырлық қасірет әкелген ядролық қаруды толықтай жабуға Қазақ КСР Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 1991 жылы 29 тамызда қол қойған «Семей ядролық полигонының жабылуы туралы» Жарлығы негіз болды.
-
COVID-19: елімізде соңғы бір тәулікте 635 адам емделіп шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда өткен тәулікте 635 адам коронавирус індетінен емделіп шықты, деп хабарлады coronavirus2020.kz.
-
29-30 тамыз аралығында елорданың М1 көпіріндегі қозғалыс тоқтайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорда әкімдігі ресми сайтының хабарлауынша, қала тұрғындары мен қонақтары жол жүру бағыттарын алдын ала жоспарлауы қажет.
-
Қазақстанда өткен тәулікте 150 адам коронавирусқа шалдыққан
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. coronavirus2020.kz сайтына Қазақстандағы коронавирус бойынша 28 тамыз, 23:59-дағы эпидемиологиялық жағдай туралы мәлімет жарияланды.
-
Димаштың шығармашылығына арналған радио Чилиден де ашылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Чилиде "DEARMASH FM" тәулік бойғы интернет-радио жұмыс істей бастады. Радио толқынында аптаның 7 күнінде Димаш Құдайбергеннің әндері шырқалады. Бұл туралы dimashnews.com сайты хабарлады.
-
Коронавирусқа қарсы жаңа дәрілер табылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Типсіз пневмониямен күресуге әзірленген препараттар COVID-19 індетімен күресуге көмектесуі мүмкін.
-
Ауа райы: бүгін елдің көп өңірінде күн ашық болады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК мәліметінше, 29 тамыз күні антициклонның әсерінен Қазақстан аумағының басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
-
Шымкентте бір тәулікте терезесі күңгірттелген 34 автокөлік анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкентте өткен бір тәулік ішінде терезесі күңгірттелген 34 автокөлік анықталып, хаттама толтырылды, деп хабарлады Polisia.kz.
-
"АЗИЯ АВТО" компаниялар тобына қатысты ақпарат – жалған" - ИИДМ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР ИИДМ "Азия Авто" АҚ және "Азия Авто Қазақстан" АҚ мәселесіне қатысты түсінік берді, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
-
Қазақстанның 4 облысында дауылды ескерту жарияланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Қазақстанның төрт облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі.
-
Елімізде қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың жаңа түрі енгізілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлттық Банк жылжымайтын мүлікпен жасалатын мәмілелерге қолма-қол ақшасыз ақы төлеудің жаңа тетігін енгізді.
-
Ақсу ауылының тұрғындары алтын кен орнының ашылуына қарсы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақмола облысындағы Ақсу елді мекенінің тұрғындары аяқ астында жатқан алтынның зардабын тартып отыр.
-
Колония басшысы жазасын өтеушіден пара алған сәтінде ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қостанай облысының Жітіқара қаласындағы УК-161/3 төтенше қауіпсіздік мекемесінің басшысы 700 мың теңге парамен ұсталды.
Наверх