Жасотандықтар Конституцияның 25 жылдығына орай 25 түп алма ағашын отырғызды

29 Тамыз 2020, 13:28
1463
Бөлісу:
Жасотандықтар Конституцияның 25 жылдығына орай 25 түп алма ағашын отырғызды

Алматы, BAQ.KZ. Алматылық жасотандықтар еріктілермен бірлесіп акция өткізді, шара барысында Алмалы ауданының жастар скейтпаркі аумағында 25 алма көшеті отырғызылды. Бұл сан кездейсоқ емес, акция ҚР Конституциясының 25 жылдығын мерекелеуге арналған. 

Осы акция арқылы біз жастарды қоғамдық тәртіпті сақтауға, патриоттық сезімдерін қалыптастыруға, туған жер мен табиғатқа жанашырлықпен қарауға шақырамыз. Осындай іс-шаралар  әрбір адамды өз ортасын таза ұстауға және туған жерге сүйіспеншілікпен қарауға үйретсе дейміз, - дейді Jas Otan жастар қанаты Алматы қалалық филиалының төрағасы Мәди Ахметов. 

Өз кезегінде қала тұрғындары да жасотандықтарға алғыс білдірді.

Мұндай акцияның өткізілгені өте жақсы. Уақыт өте келе ағаштар жеміс беріп, әдемі бола түседі. Мұндай акцияларды жиі өткізу қажет, бұл қаланың эстетикалық сапасын жақсартады, сондай-ақ алматылықтарды жаяу серуендеуге шақыратын бір себеп, - деп атап өтті қала тұрғыны Жандос Талипов.

Өзгелердің жаңалығы