Әлемде алғаш рет доңыздың басына чип енгізілді

29 Тамыз 2020, 17:17
1716
Бөлісу:
Әлемде алғаш рет доңыздың басына чип енгізілді

Алматы, BAQ.KZ. Американдық кәсіпкер әрі өнертапқыш Илон Маск миды чиптеу жобасының барысымен бөлісті.

Ютубтағы онлайн трансляция кезінде миллиардер миына чип енгізілген доңызды көпшілікке көрсетті. Құрылғының көлемі тиындай ғана, диаметрі небәрі 8 миллиметр. Доңыз бір затты иіскегенде құрылғы белгі беріп, тұмсығы тиген сайын ми имплантында импульстер тіркеліп отырады.

 Өнертапқыштың айтуынша, бұл болашақта адамның күрделі неврологиялық ауруларын емдеуге мүмкіндік береді. 

Айта кеткен жөн, 2016 жылы Илон Маск негізін қалаған Neuralink компаниясы миды чиптеу жобасымен айналысып жүр. Миллиардер құрылғыны адам миына орналастыруға биыл рұқсат алуды көздейді.   

Бұл құрылғының бірнеше функциясы бар. Ол адамның дене қызуын өлшеп отырады. Сөйтіп, миында чипі бар кісінің денсаулығын бақылап, жүрек ұстамасы немесе инсульт жайлы ескертеді. Мұны миыңыздың ішіндегі мобильді телефон деуге болады, - дейді Neuralink компаниясының негізін қалаушы Илон Маск.

Өзгелердің жаңалығы