Алматыда жедел жәрдемнің 180 бригадасы бар

29 Тамыз 2020, 14:45
1301
Бөлісу:
Алматыда жедел жәрдемнің 180 бригадасы бар

Алматы, BAQ.KZ. Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Камалжан Надыровпен бірге Алматы қаласының Жедел медициналық жәрдем қызметінің жұмысымен танысып, күзгі кезеңге дайындығын бағалады.

Сапар барысында Ержан Бабақұмаров ЖМКҚ ақпараттық-жедел диспетчерлік бөлімінің жұмысымен танысты. Алматы қалалық Жедел медициналық жәрдем қызметінің бас дәрігері Біржан Оспанов барлық қызметкерлер коронавирус инфекциясының қайта өршуіне дайын екенін атап өтті.

жжж.jpeg

Қазіргі уақытта бізде 11 қосалқы стансада 180 бригада жұмыс істейді. Бұл 3 мыңнан астам қызметкер – дәрігерлер, фельдшерлер мен жүргізушілер. Барлық мамандар жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етілген. Коронавирустың жаңа толқыны басталса біз 103 желісінің санын 30-дан 50-ге дейін, қоңырауларды қабылдау және беру бойынша фельдшерлердің санын 12-ден 22-ге дейін, ал бригадалардың санын 220-ға дейін көбейтеміз, - деп атап өтті Алматы қалалық Жедел медициналық жәрдем қызметінің бас дәрігері Біржан Оспанов. 

Сондай-ақ, ол фельдшерлер саны тағы 120 қызметкерге көбейетінін жеткізді. 

жжжж.jpeg

Жедел жәрдем вагондарын дезинфекциялық өңдеуге уақытты үнемдеу үшін біз заманауи технологияларды, атап айтқанда, суық бу генераторын қолданамыз. Осылайша, Алматы қаласының Жедел медициналық жәрдем қызметі дәрігерлердің жұмысын тиісті деңгейде қолдайтын барлық негізгі пункттер бойынша дайын, - дейді ол.

Қазір 3000-505 Сall-орталығы халықпен жұмыс істеп, Алматы қаласы тұрғындарының сұрақтарына жауап беруде. Атап айтқанда, коронавирус инфекциясы мәселелері бойынша кеңес береді. 

Жедел бөлім шақыруларды қабылдап, бригадаларды шұғыл медициналық көмекке мұқтаж пациенттерге жібереді. Осылайша, біз 103 желісіннің жүктемесін көбейтпей, жедел қоңырауларға уақытында жауап бере аламыз. Диспетчерлер шақыруларды қосалқы станциялар бойынша бөледі және науқастарға шақыру орнына жақын бригаданы жібереді. Қазір COVID-19 бойынша өтініштер санының қысқарғаны байқалады, - деді дәрігер.
Өзгелердің жаңалығы