Абай оқуларының жеңімпаздары мен жүлдегерлері марапатталды

29 Тамыз 2020, 13:40
3451
Бөлісу:
Абай оқуларының жеңімпаздары мен жүлдегерлері марапатталды

ҚР БҒМ «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы қазақ халқының ұлы ақыны, ағартушысы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына тұспа-тұс келген жалпы білім беру ұйымдарының 8-11(12) сынып оқушылары арасында ХХІ республикалық Абай оқуларын 23-25 тамыз күндері аралығында өткізді. Бұл туралы БҒМ баспасөз қызметі хабарлады. 


Еліміздегі індетке байланысты Абай оқулары онлайн режимде ұйымдастырылды. 
Абай оқуларының аудандық кезеңіне 13625 оқушы, облыстық кезеңіне 1759 оқушы қатысса, республикалық қорытынды кезеңде 120 оқушы 6 номинация бойынша бәйгеге түсіп бақ сынады.

Абай оқуларының жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанған 48 оқушы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен, медальдарымен марапатталды.


Өзгелердің жаңалығы