«Біз есірткіге қарсымыз!». Көліктегі полиция тегін маска таратты

29 Тамыз 2020, 23:03
3263
Бөлісу:
«Біз есірткіге қарсымыз!». Көліктегі полиция тегін маска таратты
PHOTO
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Көліктегі полиция департаменті «Біз есірткіге қарсымыз!» акциясы аясында тегін маскалар таратты.

Акция Нұр-Сұлтандағы ескі теміржол вокзалында өтті.

89fa907c-df12-4c39-ac16-c0531c3d1a65.jpg
Мемлекет басшысы нашақорлықтың алдын алуға ерекше назар аударады. Бұл зиянды әдет қазіргі қоғамның ең басты мәселелердің бірі. Сондықтан есірткі қылмысына қарсы департаменті мен көліктегі полиция департаменті бірлесіп, есірткі қылмысының алдын алу мақсатында акция ұйымдастырды. Шара «Есірткі қылмысына жол жоқ!» немесе «Біз есірткіге қарсымыз!» атауымен өтіп жатыр. Оның көздейтін негізгі мақсаты – адамдарға зиянды әдеттен аулақ болуға шақыру. Акцияны «Jas Otan»-мен бірлесе өткіземіз, - дейді Көліктегі полиция департаменті басқармасы басшысының орынбасары Фараби Елубаев.
8d998636-7397-453a-9a85-417eb309313e.jpg


0443f6e1-ff41-4db0-80fa-50c3c9dae4ce.jpg
   
Полицейлер вокзал ішіндегі және пойыздағы жолаушыларға акция аясында «есірткіге жол жоқ» жазбасы бар маскаларды таратты. 

Полицейдің айтуынша, нашақорлықтың алдын алу кезінде жүргізілетін негізгі жұмыстар - есірткі қылмыстарын анықтау және оның жолын кесу.

15d038c8-ead0-4b63-ab4a-c42ace15cb7e.jpg
Көліктегі полиция департаменті жылдың басынан бері 300-ден астам есірткі заттарын анықтады. Оның ішінде 23 есірткі затын сату, 14-і ірі көлемде сақтау және 4 есірткі құралдарының контрабандасы анықталды. Сондай-ақ, заңсыз айналымнан 100 келіден астам есірткі заттары тәркіленді. Мысалы, Көліктегі ПД Жамбыл облысының Луговой стансасында 17 келіден астам есірткі затымен 46 жастағы азаматты ұстады. Қазіргі кезде ол Жамбыл облысының сотымен 3 жылға бас бостандығынан айрылды, - деді ол.
7bd981a3-eb09-4b30-a361-b6c602b0952b.jpg

Акция аясында азаматтарға 400-ден астам маска таратылды. Маскаларды Есіркі қылмысына қарсы департамент пен Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті бірлесіп тігіп берді. 

5679dbc2-6f6d-4a2c-a7f0-9f98ab609f73.jpg
Бүгін Көліктегі ПД-мен бірлесіп, «Jas Otan» жастар қанатының елордағы филиалы акция өткізді. Нұр-Сұлтан теміржолы вокзалында індеттің алдын алу, сондай-ақ есірткіден аулау болу мақсатында маска таратты. Сонымен қатар елімізде індет ахуалы жақсарғанмен әлі де маска режимін ұстанамыз. Сондықтан мұның бәрі санитариялық талаптарды сақтап, азаматтардың вирустан сақ болуы үшін жүргізіліп отырған түсіндірме жұмыстары. Осы орайда, «Jas Otan» жастар қанаты алдағы уақытта да Көліктегі ПД-мен бірлесіп, осындай маңызды іс-шараларды өткізуге атсалысады, - «Jas Otan» жастар қанаты төрағасының бірінші орынбасары Арсланбек Мағзұм. 
73c4fb78-40dd-4ff7-a4f5-b69149a58e26.jpg

0f9bdfd6-44cc-4e9d-8deb-181a5970c48b.jpg

Маскалар індеттен қорғану мақсатында маскасыз жүргендер мен жасы үлкен азаматтарға, сондай-ақ балаларға таратылды.
Өзгелердің жаңалығы