Қазақстанда 36 градус ыстық болады

29 Тамыз 2020, 23:21
4615
Бөлісу:
Қазақстанда 36 градус ыстық болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.K. Ертең еліміздің бірнеше өңірінде қатты ыстық пен найзағай болады деген дабылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Қазгидромет.

СҚО-да найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман. Жел оңтүстік-батыстан, күндіз кей жерлерде секундына 15-20 метр.

Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Күндіз оңтүстік, оңтүстік-батыстан секундына 15-20 метрге дейін жел соғады.

Қызылорда облысында 30 тамызда таңертең және күндіз солтүстік-шығыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады. Күндіз төтенше өрт қаупі сақталады.

БҚО-да найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Солтүстік, солтүстік-шығыстан жел соғады, күші секундына 15-20 метрге жетеді. Күндіз облыстың оңтүстік-батысында 36 градус қатты ыстық күтіледі.

Маңғыстау облысында найзағай болуы мүмкін. Түнде және таңертең жағалауда тұман түседі. Жел солтүстік-батыстан, күндіз кей жерлерде секундына 15-20 метрге жетеді.
Өзгелердің жаңалығы