Коронавирусқа қарсы жаңа дәрілер табылды

29 Тамыз 2020, 07:05
2186
Бөлісу:
Коронавирусқа қарсы жаңа дәрілер табылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Типсіз пневмониямен күресуге әзірленген препараттар COVID-19 індетімен күресуге көмектесуі мүмкін.

Австралиядағы Вальтер және Элиза Холл медициналық зерттеулер институтының ғалымдары осындай тұжырымға келді, деп хабарлады Today.kz, The EMBO Journal басылымына сілтеме жасап.

Сарапшылар SARS-CoV-2 негізгі ферментін – PLpro деубиквитиназға тосқауыл қоятын жаңа дәрілік қоспаларды тапты. Бұл қоспа барлық коронавирустарда кездеседі және жасушаларды жұқтырып, олардың ішіндегі қоздырғышты көбейту үшін қажет. Сондай-ақ, бұл вирусқа қарсы бағытталған қорғауды өшіреді. Бастапқыда типсіз пневмонияға бағытталған COVID-19-ға қарсы дәрілердің тиімділігі зертханалық зерттеулерде расталды.

ANSTO синхротронын қолданған ғалымдар SARS-CoV-2 құрамындағы PLpro-ның адам ақуыздарымен өзара әрекеттесуін зерттеп, қолданыстағы дәрі-дәрмектердің әлеуетті мақсаттарын анықтады. Осыдан кейін олар осы өзара әрекеттесуді тежейтін дәрілерді скринингтен өткізді.

Өзгелердің жаңалығы