1 айда КВИ белгілері бар пневмонияға 25 мыңнан астам адам шалдыққан

29 Тамыз 2020, 09:42
1539
Бөлісу:
1 айда КВИ белгілері бар пневмонияға 25 мыңнан астам адам шалдыққан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмониядан 4 науқас қайтыс болды.

Coronavirus2020.kz сайтында 2020 жылғы 29 тамызда тіркелген коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияға шалдыққан науқастар бойынша ақпарат жарияланды.

Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 483 жағдайы және 4 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 218 адам емделіп шықты, - делінген хабарламада.
1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 25 115, 282 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 5 517 жетті.


Өзгелердің жаңалығы