Шымкентте карантин тағы екі аптаға ұзартылады

29 Тамыз 2020, 21:26
2244
Бөлісу:
Шымкентте карантин тағы екі аптаға ұзартылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жұмабек Ержанов карантинді ұзарту туралы қаулы шығарды.

Жаңа қаулы бойынша, салтанатты іс-шараларды өткізуге тыйым салынады, 65 жастан асқан адамдар үшін серуендеу шектеледі, бұрын қолданылған барлық шектеулер сақталады.

Сондай-ақ, бұрынғыдай қалада жүргенде медициналық маска кию және кемінде 2 метр қашықтықты сақтау міндетті болып қала береді.

Қаулыда шектеу шаралары 14 қыркүйекке дейін жалғасатыны жазылған.


Өзгелердің жаңалығы