Зүлфия Чиншанло халықаралық жарыста күміс медаль алды

29 Тамыз 2020, 15:55
1225
Бөлісу:
Зүлфия Чиншанло халықаралық жарыста күміс медаль алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ауыр атлетикадан Қазақстан құрама командасының өкілі Зульфия Чиншанло әлем кубогінде күміс медальға ие болды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Аталған әлем кубогі онлайн өткен алғашқы жарыс болып саналады. Өзбекстан Республикасының Тәуелсіздігіне 29 жыл толуына орай ұйымдастырылған додада Чиншанло 55 келіге дейінгі салмақта бақ сынады.  

Нәтижесінде 200 (85+115) келіні көтеріп, екінші болды. Мауаттар Набиева (Өзбекстан) 205 (95+110) келіні бағындырып, жарыс жеңімпазы атанды. Ал польшалық Йонна Лочовская 185 (80+105) келіні көтеріп, үздік үштікті қорытындылады.


Өзгелердің жаңалығы