Ауа райы: бүгін елдің көп өңірінде күн ашық болады

29 Тамыз 2020, 06:40
2024
Бөлісу:
Ауа райы: бүгін елдің көп өңірінде күн ашық болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК мәліметінше, 29 тамыз күні антициклонның әсерінен Қазақстан аумағының басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Республиканың тек шығысында, күндіз батысында найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Жекелеген өңірлерде тұман, екпінді жел күтіледі, оңтүстікте шаңды дауыл, батыста дауыл болжанады.

Күндіз Батыс Қазақстан, Қызылорда облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Сондай-ақ, Батыс Қазақстан облысында дауыл болжанады.

Түркістан облысының кей жерінде шаңды дауыл тұрып, 15-23 м/с екпінде жел соғады.

Жамбыл, Қарағанды, Шығыс Қазақстан областарының кей жерінде тұман күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Түнде және таңертең Ақмола, Алматы, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерінде тұман болады.

Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының шағысында қатты ыстық күтіледі.

Қызылорда облысында, Түркістан, Атырау, Жамбыл, Алматы облыстарының кей жерінде, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Қарағанды облысының оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады

Өзгелердің жаңалығы