Оралда электр энергиясының тарифі көтерілді

29 Тамыз 2020, 11:40
1326
Бөлісу:
Оралда электр энергиясының тарифі көтерілді

Алматы, BAQ.KZ. Табиғи монополияларды реттеу департаменті «Батыс Энергоресурсы» ЖШС-нің жобасын назарға алып, электр энергиясының тарифін көтеруді мақұлдады. 

Алайда, тарифті тек тұрғындар үшін көтерудің орнына сұралған соманы барлық тұтынушыға бөлетін болды.

Біз «Батыс Энергоресурсы» ЖШС-нің электр энергиясын көтеру жөніндегі өтінішін қарадық. «БЭР» орташа тарифті 1 кВт үшін 18,85 теңгеге дейін көтеруді ұсынды. Оның ішінде жұртшылық үшін 1 кВт үшін 16,29 теңгеге (өсім 5 теңге), бюджеттік ұйымдарға 1 кВт үшін 31,19 теңгеге дейін төмендету (төмендету 5,8 теңге), өзге қолданушылар үшін өзгеріссіз қалдырылатыны айтылды. Бұл жағдайда барлық ауыртпалық жұртшылықтың мойнына артылар еді, - дейді БҚО табиғи монополияларды реттеу департаментінің басшысы Досжан Исмаилов.

Оның айтуынша, департамент тарифтің 1 кВт үшін 18,85 теңгеге емес 17,52 тенгеге көтеру туралы шешім қабылдады. Яғни, барлық тұтынушы үшін теңдей етіп көтерілген.

Өзгелердің жаңалығы