Конституция – әрбір азаматтың мақтанышы

29 Тамыз 2020, 17:01
3692
Бөлісу:
Конституция – әрбір азаматтың мақтанышы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 30 тамыз - Қазақстан Конституциясының 25 жылдығы. Ата заң еліміздің басты құжаты болғандықтан ел тарихы мен оның дамуы, қалыптасуындағы алатын орны ерекше. Айтулы күні тарих ғылымдарының докторы Аққали Ахмет Конституцияның қалыптасуы туралы айтып берді.

Байырғы қазақ даласында конституциялық заңнаманың қалыптасуы белгілі бір идеялар мен қағидалар арқылы айқындала отырып, нақты тарихи кезеңдерді қамтиды. Халқымыздың ғасырлар бойғы асыл да қасиетті арманы өзін-өзі еркін билеу принципімен қоса тәуелсіз дербес мемлекет құру болатын. Тәуелсіздік жолындағы күрестің ауыр салмағын кезінде халқымыз өз басынан кешіргендігін өмір тарихы сан мәрте куәгер болғандығына ешкімде күмәнданбаса керек, - дейді ол. 

Тарихшы атап өткендей, Елбасы Алаш партиясының жетекшілері ұсынған көптеген қағида күні бүгінге дейін маңызды екенін айтады.

Сол тұстағы Алаш зиялыларының ұлағатты да парасаты іс-әрекеттерінің насырға шабатынын көре тұра, олардың Кеңестік үкімет тұсында өз алдына дербес ұлттық мемлекет құру туралы асыл да қасиетті ізгі мұрат идеяларын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жоғары бағалап былай деген болатын: «Алаш партиясының жетекшілері ұсынған көптеген қағида күні бүгінге дейін өз маңызын сақтап отыр. Бұл ұлттық емес патриоттық ұйым алдына қойған мақсаты қазақ қоғамын бірте-бірте өзгертіп оны осы заманғы шындыққа бейімдеу еді... Қазақ халқы өзінің басты мақсаты – ұлттың мемлекеттілігін қайта қалпына келтіруге нақтылы мүмкіндік алды. Алайда, оқиғалардың бейбіт өрбуін Ресей қоғамындағы тың дағдарыс бұзып кетіп, оның өзі большевиктер партиясының диктатурасын орнатуға әкеліп соқты, - деді ол. 
Аққали Ахметов еліміздің өткен даму жолдарының сатыларында Ата заңымызды қабылдау кезеңдерін бірнеше кезеңдерге бөлуге болатынын айтты. 
Бірінші кезең, Кеңес дәуіріне дейінгі 1900-1917 жылдардағы ұлттық-демократиялық идеяларының Алаш конституциясының жобасына ұласуы. Екінші кезең, Кеңес дәуірі яғни 1920 жылдың аяғы мен 1980 жылдардың соңы болса. Үшінші кезең, Кеңес дәуірінің аяқталуы 1980 жылдардың аяғы мен 1990 жылдар аралығы. Төртінші кезең, Кеңестік дәуірден кейінгі 1991-1995 жылдар. Тәуелсіздік жағдайында, біздің еліміз екі Конституция қабылдағаны белгілі. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі 1993 жылғы қаңтардың 28-і елдің Негізгі заңы тәуелсіз Қазақстанның бірінші Конституциясын қабылдады. Конституция жобасы бүкілхалықтық талқылаудан өтті, - дейді тарихшы. 
Ол атағандай, атқарылған бүкіл жұмысқа Елбасы Назарбаев төрағалық еткен Конституциялық комиссия басшылық етті.
Конституцияның бар рухы, бөлімдері, тарауларының, баптарының көпшілігі отанымызда ұлтаралық жарасымдылықты сақтауға арналған. 1993 жылғы Қазақстан Республикасы Конституциясы тәуелсіздік алғаннан кейінгі алғашқы негізгі заң болды. Ол үлкен тарихи, саяси-құқықтық рөл атқарды және қайшылықты өтпелі кезеңде қабылданды. Сондықтан да әлі де көп мәселелер шешімін таба алмады. Конституциялық реформаның жаңа кезеңі басталды. Күн тәртібінде Қазақстан Республикасы жаңа Конституциясын қабылдау мәселесі қойылды. 1995 жылы 30 тамызда еліміз тәуелсіздік жағдайындағы өзінің екінші Конституциясын бүкілхалықтық референдум жолымен қабылданды, - деді Ахмет.

Тарихшы ресми мәліметтер бойынша Конституцияны қабылдау үшін 7121773 адам дауыс бергенін айтты. 

Референдумға қатысқандардың 83,4 пайызы аталмыш Конституцияны қолдаған. Егер тіркелген азаматтардың 90,58 пайызы референдумға қатысқанын ескерер болсақ, Конституцияның жаппай қолдау тапқанына көзіміз жетеді.  Еліміздің конституциясын теориялық жағынан зерделесек оның құқықтық мемлекет құру идеясына, жалпы халықтық құндылықтар мен принциптерге сүйенетіндігінен ешкім де күмән келтіре алмас. Демократиялық және құқықтық қатынастар жолындағы құқықтық кедергілер толық жойылып, еліміздің өркениет жолына түсуіне кең жол ашылды. Қазақстан таза президенттік республикаға айналды, қос палатадан тұратын тұрақты парламент құрылды. Үкіметтің рөлі артты, - деді ол. 
Аққали Ахмет атап өткендей, тәуелсіз еліміздің Конститутциясы - ел азаттығының айғағы, егемендігіміздің тірегі, бірлігінің қайнар бастауы, әрбір азаматтың мақтанышы. 
Демократиялық және құқықтық қатынастар жолындағы құқықтық кедергілер толық жойылып, еліміздің өркениет жолына түсуіне кең жол ашылды. Қазақстан таза Президенттік республикаға айналды, қос палатадан тұратын тұрақты парламент құрылды. Үкіметтің рөлі артты. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтары нығайды. Ата Заңымыздың қабылдануы, экономикаға басшылық жасаудың жүйесін қалыптастыру, әлеуметтік және ұлттық саясаттың негізгі бағыт бағдарын белгілеп беру, тұрақтылықтың сақталып отыруы Қазақстан мемлекеттілігін қалыптастырудың сын сағатынан сүрінбей өттік деген қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Конситутция - бүкіл халық қабылдаған Ата Заң болғандықтан, оның қағидаларын міндетті түрде ақиқат өмір талаптарына сәйкес орындау мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың сондай-ақ, барша азаматтардың бұлжымас борышы болып табылады. Сондықтан да біздің заң алдында есеп беруіміз, бақылауында болуымыз керек. Мемлекет алдында, заңға ұюымыз шарт. 30 – тамыз басты заңға 25 жыл толады. Конституция күнімен барша қазақстандықты құттықтаймын, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы