Армениядан әкелінген көліктерді тамыздың 30-31 күндері де тіркеуге болады

29 Тамыз 2020, 14:17
1249
Бөлісу:
Армениядан әкелінген көліктерді тамыздың 30-31 күндері де тіркеуге болады

Алматы, BAQ.KZ. Халыққа құқықтық көмек беріп, тәртіп сақшыларымен арасындағы байланысты нығайтып, сенімділікті арттыруға бағытталған "Жолда қабылдау" акциясы бүгін де жалғасып жатыр. 

Қарасай ауданындағы осындай шара 19 шақырымда орналасқан Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында ұйымдастырылды. Әдеттегідей, полиция басқармасының түрлі бөлім өкілдері тұрғындар тарапынан туындаған сұрақтарға жауап қайтарып, құқықтық бағытта кеңес беруде. Сонымен қатар, армениялық көлік иелері үшін үлкен жеңілдіктер жасалуда. 

Халыққа ыңғайлы болуы үшін 30 және 31 тамыз күндері Талдықорған және Қаскелең қалаларындағы Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары қызмет атқармақ. Осы күндері Армения елінен әкелінген көліктеріңізді қазақстандық уақытша тіркеуге қоя аласыздар. Шетелдік көлігіңізді заңдастырудың бірегей мүмкіндігінен құр қалмаңыздар, - дейді Алматы облысы ПД ӘПБ ПО бастығы, полиция подполковнигі Нұрболат Алтаев.
Өзгелердің жаңалығы