Шымкентте бір тәулікте терезесі күңгірттелген 34 автокөлік анықталды

29 Тамыз 2020, 05:44
1469
Бөлісу:
Шымкентте бір тәулікте терезесі күңгірттелген 34 автокөлік анықталды
PHOTO VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкентте өткен бір тәулік ішінде терезесі күңгірттелген 34 автокөлік анықталып, хаттама толтырылды, деп хабарлады Polisia.kz.

26 тамыз күні Шымкент қаласының ПД ЖПҚБ Патрульдік полиция полкі қызмет атқару барысында сағат 12:06 шамасында терезесі күңгірттелген автокөлікті тоқтатып, көлік иесіне ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы, 5-тармағының талаптарын сақтамағаны үшін хаттама толтырды. 

Жалпы, Шымкент қаласында 7 айдың көлемінде терезесі күңгірттелген 6229 автокөлік анықталған. Ал 173 жүргізуші көлікті мас халде тізгіндеген.


Өзгелердің жаңалығы