FlyArystan ұшағы Атыраудан сегіз қалаға ұшады

29 Тамыз 2020, 12:50
1800
Бөлісу:
FlyArystan ұшағы Атыраудан сегіз қалаға ұшады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау облысының əкімі Махамбет Досмұхамбетов жыл басында халықтың өзге қалаларға әуе жолы арқылы қатынауын қолжетімді ету мақсатында тиісті мекемелерге тапсырма берген болатын. Өткен айдан бастап Атыраудан FlyArystan əуе компаниясы сегіз қалаға ұша бастады. Бұл туралы облыстық коммуникациялар қызметінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Лоукостер билет құнын жолаушылардың өздігінен реттеуіне мүмкіндік береді.
 
Шілде айынан бастап аталған бюджеттік компания ұшақтары Атырау қаласындағы бекеттен Алматы, Ақтау, Шымкент, Нұр-Сұлтан, Ақтөбе қалаларына тасымалдарды бастады. 

Кеше FlyArystan əуе компаниясының ұшақтары Атыраудан Қызылорда мен Орал қалаларына алғашқы рейсін орындады.
 

"Атырау - Қызылорда" бағытындағы рейс аптасына екі рет қатынайды. Яғни, дүйсенбі, жұма күндері "Атырау - Қызылорда", сəрсенбі, жұма, жексенбі күндері "Атырау - Орал" бағытында рейстер ұшады. 180 орындық Airbus320 ұшақтарында қауіпсіздік мəселесі басты орында тұр, - дейді Fly Arystan əуе компаниясы баспасөз қызметінің өкілі Лəззат Набиева.
 

29 тамыздан бастап Атырау қаласынан Қарағандыға, 1 қыркүйектен Қостанайға рейстер ашылады.

Еске сала кетелік, Атыраудан Қызылорда қаласына билеттер 6999 теңгеден, Атыраудан Орал қаласына билеттер 4999 теңгеден басталады. 


 

Өзгелердің жаңалығы