Все новости за 28 тамыз 2020
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Неміс тракторлары мен комбайндары Қазақстанда да жасалатын болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тиісті құжатқа әйгілі CLAAS компаниясы пен еліміздің Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі қол қойды, деп хабарлады "Хабар 24" телеарнасы.
-
Зүлфия Чиншанло халықаралық жарыста 2-орын иеленді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның ауыр атлетика құрамасының өкілі Зүлфия Чиншанло Ауыр атлетикадан халықаралық кубокта күміс медаль еншіледі. Бұл туралы бүгін Ұлттық олимпиада комитеті хабарлады.
-
Қызылорда облысында 200 орынды инфекциялық аурухана салынады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылорда облысында 200 орындық модульді инфекциялық аурухана салынады, деп жазды «Хабар 24».
-
Қазақ футболының ардагері Сейілда Байшақов 70 жасқа толды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тараз футбол мектебінен түлеп шыққан Сейілда Икрамұлы саналы ғұмырын отандық футболға арнады, деп хабарлады olympic.kz.
-
Францияда індеттің таралуы қайта күшейді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Соңғы бір тәулікте коронавирус 6 мыңнан астам адамнан анықталған, деп жазды «Хабар 24».
-
Филармония әртістері «Мәңгілік ел» әнін орындады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ата заңның 25 жылдығына орай Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармония солистері мерекелік бейнебаян түсірді, деп хабарлады әкімдіктің ресми сайты.
-
Қазақстандық спортшылар оқу-жаттығу жиындарына оралды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Карантин жағдайдағы оқу-жаттығу жиындарын ұйымдастыру және бақылау үшін құрылған Ұлттық Ұлттық Олимпиада комитетінің жедел штабы ұлттық құрамаларға арналған оқу-жаттығу жиындарын өткізу мен ұйымдастыруды қайта бастау туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Olympic.kz.
-
Конституция күні қарсаңында бір топ атыраулық марапатталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Президентінің Жарлығымен аймақтың дамуына елеулі үлес қосып жүрген бір топ атыраулық мерекелік медалмен марапатталды, деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.
-
Елордада Волонтерлік кеңестің отырысы онлайн өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан мен Ресейдің волонтерлік ұйымдар көшбасшыларының қатысуымен онлайн форматта Волонтерлік кеңестің отырысы өтті, деп хабарлады Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.
-
Ақмола облысының барлық аудандарында сервистік әкімдіктер іске қосылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақмола облысының Жарқайың ауданында «Сервистік әкімдік» ашылды.
-
Таразда жаңа пәтер кілттері табысталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тараз қаласында Конституция күні қарсаңында «Арай-2» тұрғын алабындағы аз қамтылған, толық емес отбасыларға, жетім балаларға және әлеуметтік осал санаттағы басқа да азаматтарға жаңа пәтерлердің кілттері табысталды, деп хабарлады Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі.
-
Маңғыстауда жаңа оқу жылында 3 мектеп ашылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы МО қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Бақытжан Қашақов мәлім етті.
-
Биді «подтанцовка» ретінде қараудан арылу керек – хореограф
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бірнеше мәрте халықаралық би сайыстарында бас жүлдеге ие болған, үлгілі хореографиялық «Нұрсәулем-ай» би ансамблінің жетекшісі Меруерт Жараспаевамен елдегі би өнерінің дамуы және басқа да тақырыптар төңірегінде сөйлескен едік.
-
Сағынтаев Жетісу ауданындағы абаттандыру жұмыстарымен танысты
Алматы, BAQ.KZ. Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев бүгін қаладағы Жетісу ауданындағы абаттандыру жұмыстарымен танысты.
-
Президент Жолдауы – жыл жетістіктері
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев ел Президенті болып сайланғаннан кейін 2019 жылы ҚР Парламентінің палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан Халқына алғашқы Жолдауын жариялады. «Заман талабына сай тиімді мемлекет», «Азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету», «Қарқынды дамыған және инклюзивті экономика», «Әлеуметтік жаңғырудың жаңа кезеңі», «Қуатты өңірлер – қуатты ел» сияқты бес бөлімнен тұратын Жолдауда елімізде қордаланған проблемаларды шешу жолдары мен Елбасы стратегиясын жалғастыру бағыттары қарастырылды, деп жазды strategy2050.kz
-
Алматыда тағы бір Жастар ресурстық орталығы ашылды
Алматы, BAQ.KZ. Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасы мен Бостандық ауданы әкімдігінің қолдауымен жастар мен жастар ұйымдары үшін әлеуметтік алаң ұсыну мақсатында Бостандық ауданында «Almaty jastary» жастар ресурстық орталығы ашылды.
-
Шымкентте індетке шалдыққан соңғы науқас емделіп шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкенттегі провизорлық стационардың бірінен вирустық инфекцияға шалдыққан соңғы науқас жазылып шықты, деп хабарлады қалалық Денсаулық сақтау басқармасы.
-
Суға батып бара жатқан адамды құтқарған жасөспірім марапатталды
Алматы, BAQ.KZ. ҚР Конституциясы күніне орай ТЖ Департаменті марапаттау рәсімін өткізді. Ішкі істер министрлігінің басшылығы суға батып бара жатқан адамды құтқарған 18 жастағы Алматы полиграфия колледжінің студенті Марғұлан Дүйсеш пен Алматы қаласы әкімі аппараты құтқару қызметінің қызметкері Хозы Бүркітбайханды марапаттады.
-
Тараз қаласының тұрғыны түзеу мекемесіне ішімдік кіргізбек болған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД ЖД-158/1 мекемесіне Тараз қаласының тұрғыны алкоголь ішімдігін кіргізбек болған. Бұл туралы Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
-
МӘМС: Шағын және орта бизнес өкілдері тарапынан қойылатын 7 сауал
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кімдер үшін Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жасалатын міндетті төлемдер кейінге қалдырылды? Медицина ұйымдары кәсіпорын қызметкерлеріне МӘМС жүйесінде медициналық қызмет көрсетуден не үшін бас тартады? Бизнес өкілдері тарапынан қойылған осы және өзге де өзекті сауалдарға «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалы директорының орынбасары Айнагүл Дәулетшина жауап берді.
-
Алматыда «Бюджетке қатысу» жобасы бойынша өтінім қабылдау басталады
Алматы, BAQ.KZ. Өтінімдерді жинау 5 қазанға дейін жалғасады. Бұл туралы Алматы әкімі Б. Сағынтаев instagram-дағы парақшасында жазды.
-
Азық-түлік бағасы 11%-ға өсті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жылдық көрсеткіш бойынша азық-түлік тауарларының бағасы 11,3%-ға, азық-түлікке жатпайтын тауарлар – 5,4%-ға, ақылы қызметтер – 3,2%-ға өсті. Бұл туралы Ұлттық банктің баспасөз қызметі хабарлады.
-
Оқыту платформаларын дайындауға бюджеттен қаржы қарастырылған ба?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ОКҚ-де өткен онлайн брифингте білім беру платформаларын дайындауға байланысты қойылған сұраққа қалалық білім басқармасы мен платформа негізін қалаушылар жауап берді.
-
Дұрыс шешімдердің арқасында Бартоғай су қоймасын сақтап қалдық – ҮАК директоры
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Судың да сұрауы бар. Шаруаралға суды дұрыс пайдалану мәдениетін үйренетін кез келді. Бұрынғыдай көлгөсір су енді болмайды, фермердің жер көлеміне, сұрауына қарай ғана береміз. Бұл туралы Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналының директоры Серікқали Мұқатаев БАҚ өкілдерімен кездесу барысында айтты.
-
Жапония премьер-министрі отставкаға кетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жапония премьер-министрі Синдзо Абэ жаралы колиттің асқынуы салдарынан денсаулығының сыр беруіне байланысты отставкаға кетті.
-
Қар барысы фототұзаққа ілінді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бірнеше күн бұрын Ақсу-Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығының тауларында теңіз деңгейінен 2500 метр биіктікте қар барысының жүргені анықталды.
-
Биыл Алматыда 27 мыңнан астам бала 1-сыныпқа барады
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Алматы қаласы білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева онлайн брифинг барысында айтты.
-
Ақжарқын Тұрлыбайды Қазақстанға берудің нақты мерзімі белгісіз – СІМ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2019 жылдың 27 желтоқсанында Гуанчжоу қаласының Халық сотында есірткі контрабандасы үшін айыпталған қазақстандық Ақжарқын Тұрлыбайға қатысты қылмыстық іс бойынша үкім жарияланды.
-
Абай атындағы мемлекеттік сыйлыққа үміткер 40-қа жуық жұмыс қаралды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылғы 28 тамызда ҚР мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен онлайн форматта 2020 жылғы ҚР Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның алғашқы отырысы өтті.
-
40 000 теңге. 17 мыңнан астам бала мектепке қажетті жабдықпен қамтылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметінде» өткен баспасөз конференциясында қалалық білім басқарма басшысы Шолпан Қадырова айтты.
-
Сириядан қайтарылғандардың басым көпшілігі радикалды идеологиядан бас тартты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сирия және Ирактан қайтарылған азаматтарды дерадикализациялау және теологиялық-психологиялық оңалту жөніндегі міндеттерді шешу үшін «Ақниет орталығы» ҚҚ және жергілікті атқарушы органдардың 59 маманы тартылған.
-
Аз қамтылған отбасылардың балалары компьютермен 100% қамтылады – Қадырова
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметінде» өткен баспасөз конференциясында қалалық білім басқарма басшысы Шолпан Қадырова айтты.
-
Назарбаев: Праймериздің міндеті – халықтық партиялық тізімдерді қалыптастыру
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Nur Otan партиясы Саяси кеңесі бюросының отырысы өтті, деп хабарлады elbasy.kz.
-
Елордада жаңа оқу жылында 3 мектеп ашылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметінде» өткен баспасөз конференциясында қалалық білім басқарма басшысы Шолпан Қадырова айтты.
-
Алматы облысының ауруханаларына өкпені жасанды желдету аппараттары жеткізілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өкпені жасанды желдетудің 15 аппараты бар Covid-19-бен күреске бағытталған гуманитарлық көмек Алматы облысы Жамбыл ауданының медициналық мекемелеріне жеткізілді.
-
Біз «голландтық ауруға» ұшырадық – қаржы сарапшысы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ел экономикасын не күтіп тұр? Қаржы инвестициялаудың басты принципі қандай? Доллар бағамы қалай құбылуы мүмкін? Осы және өзге де сауалдарға экономист, қаржы саласының кеңесшісі, Financial Freedom қоғамдық қорының директоры Расул Рысмамбетов жауап берген еді.
-
Ата Заңға 25 жыл: Мерекелік медальмен медицина қызметкерлері марапатталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде Конституциямыздың 25 жылдығына орай мерекелік медальді табыстауға арналған салтанатты жиын өтті.
-
ШҚО кәсіпорындары «Индустрия 4.0» элементтерін кеңінен енгізуде
Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Шығыс өңірінде алдағы бес жыл ішінде өндіріске «Индустрия 4.0» элементтерін енгізуге қатысты 21 жоба жүзеге асырылмақ.
-
Атырау модульді инфекциялық ауруханасына 300-ден астам медициналық маман қажет
Атырау, BAQ.KZ тілшісі. Атырау облысында құрылысы жүріп жатқан модульді инфекциялық ауруханаға 300-ден астам медициналық маман қажет.
-
Шымкентте Конституцияның 25 жылдығына арналған мерекелік медаль табысталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов түрлі салада еңбек етіп, Конституцияның үстемдігін қамтамасыз етуге үлес қосып жүрген 25 азаматқа ҚР Конституциясының 25 жылдығы құрметіне арналған мерекелік медаль табыстады.
-
Биыл Түркістанда да қауын-қарбыз бағасы аспандап тұр
Түркістан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Биыл жеміс-жидек пен азық-түлік арзан деп саналатын жылы аймақ Түркістан облысының өзінде қауын-қарбыздың бір данасы 500-1000 теңге аралығынан түспей тұр.
-
Абай-175: Ресей әдеби қоғамдастығының мүшесі «Достық» орденімен марапатталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылғы 27 тамыз - Қазақстанның Ресейдегі елшілігі қазақтың ұлы ақыны және ойшылы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған «дөңгелек үстел» өткізді.
-
Риддердегі жаңа жобалар жергілікті халықты жұмыспен қамтуда
Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Риддер қаласында жаңа жұмыс орындарын ашу мақсатында 2020-2021 жылдарға арналған Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында 34 жоба жүзеге асырылуда.
-
Педиатр балаларды ЖРВИ мен пневмониядан қорғаудың жолын айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қолды жиі жуу, бөлмелерді желдету және айналадағы заттарды дезинфекциялық құралдармен өңдеу инфекцияның алдын алуға көмектеседі, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.
-
Алматыдағы рейд: Ойын-сауық мекемесінде 80 адамның болғаны анықталды
Алматы, BAQ.KZ. Nur Otan партиясы Алматы қалалық филиалының төрағасы Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасын орындау мақсатында партия өкілдері ҚБТУ-мен және полиция департаментімен бірлесіп карантиндік режимнің бұзылуын анықтау бойынша жұмыстар жүргізуде.
-
Павлодар облысында инфекциялық ауруханалар бой көтеруде
Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Ертіс өңірінде 60 орындық инфекциялық аурухана бөлімшесі мен тез тұрғызылатын жұқпалы аурулар ауруханасы салынып жатыр. Осылайша, өңірде коронавирустық инфекция таралуының жаңа толқынына дайындық жұмыстары қарқын алған.
-
Шаруалар банк несиелерін кепілдендіре алады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Екінші деңгейлі банктерден несие рәсімдейтін шаруаларға кепілдендіру механизмі қолжетімді болды. Жоба «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы іске асырылады.
-
Ардақ Әшімбекұлы жаңа қызметке тағайындалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ардақ Әшімбекұлы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – Айрықша мақсаттағы күштердің қолбасшысы болып тағайындалды.
-
Мүслім Алтынбаев қызметінен босатылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мүслім Алтынбаев Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары қызметінен босатылды.
-
Қазақстандағы медтуризм: Қазақ қайда емделеді, қонаққа не ұсынады?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Медициналық туризм термині бізге қаншалықты таныс? Қазақстанда бұл сала қалыптасқан ба? Дертіне дауа іздеген шетелдіктерге не ұсынып отырмыз? Қазақстандықтар көбіне қай елге барып емделеді? Медтуризмге қатысты сауал көп, солардың бірқатарына жауап іздеп көрсек.
-
Сенат депутаты Бектас Бекназаровтың өкілеттігі тоқтатылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сенат депутаты Бектас Әбдіханұлы Бекназаровтың өкілеттігі тоқтатылды.
-
30 тамызда елордада автобустар жүрмейді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 30 тамызда қоғамдық көлік қозғалысы бір күнге уақытша тоқтатылады. Бұл туралы CTS-тің баспасөз қызметі хабарлады.
-
Дәрігер қабылдауында болмаған адамды «болды» деп жазу мәселесі өзекті болып тұр
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ филиалының директоры Тілеухан Әбілдаев онлайн брифинг барысында медициналық ұйымдардың сапасын бақылау жіті назарда екенін мәлімдеді.
-
Бүгін Nur Otan партиясы Саяси кеңесі бюросының отырысы өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter-дегі парақшасында жазды.
-
Сіздерге бақ қонды – Айтаханов
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сенаттың 2020 жылғы 12 тамызда сайланған Парламент Сенатының депутаттарын тіркеу шарасы барысында Сенаторлар кеңесінің мүшесі Қуаныш Айтаханов сөз сөйледі.
-
Елімізде 1 млн-нан астам жалдамалы жұмыскер МӘМС жарнасын төлеуден босатылды
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Алматы қаласы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ филиалының директоры Тілеухан Әбілдаев онлайн брифинг барысында айтты.
-
Табысынан айырылған азаматтар МӘМС пакетіндегі қызметтерді толық пайдаланады
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Алматы қаласы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ филиалының директоры Тілеухан Әбілдаев онлайн брифинг барысында айтты.
-
1 мыңнан астам медицина қызметкері МӘСҚ-тан төлемдер алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. COVID-19-бен күресуге тартылған 1048 медицина қызметкері коронавирустық инфекцияны немесе вирустық пневмонияны жұқтырған жағдайда мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан берілетін біржолғы әлеуметтік төлемді алды. Сондай-ақ, МӘСҚ аурудың салдарынан қайтыс болған 5 медицина қызметкерінің туыстарына төлемдер аударды.
-
Сенаттың жаңа сайланған депутаттары тіркеліп, куәлік алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сенаттың 2020 жылғы 12 тамызда сайланған Парламент Сенатының депутаттары тіркеліп, куәліктерін алды.
-
«Қара бүркіт» түрмесінің басшысы қамауға алынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қостанай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі Жітіқара түрмесі басшысының қамауға алынуына байланысты түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
-
Жаздың соңғы күндеріне арналған ауа райы болжамы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазгидромет» РМҚ алдағы үш күнге, 29-31 тамыз күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады.
-
Сарапшы пікірі. Баспана бағасы неге «жүгенсіз» кетті?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Тұрғындардың төлем қабілеті төмен. Баспана бағасы арзандайды. 2008 жылдың дағдарысында солай болған, биыл да сондай жағдай орын алады». Халық айтса, қалт айтпайды. Қос бірдей карантин мен девальвация тұрғын үй нарығына қалай әсер етті? Қазір үй алған тиімді ме? Елдің болжамы қаншалықты рас? Материал қымбаттап жатқанда, құрылысы бітпеген үйден пәтер алу қаншалықты қауіпті?
-
«ABAI. 175 JYL» коллекциялық монеталары сатылымға қашан түседі?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Номиналы 500 теңгелік күмістен, номиналы 100 теңгелік мельхиор қоспасынан және номиналы 100 теңгелік нейзильбер қоспасынан жасалған «ABAI. 175 JYL» коллекциялық монеталары 2020 жылғы 1 қыркүйектен бастап сатылымға түседі.
-
42 500 теңге. Қанша қазақстандық біржолғы төлем алды?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгінгі күнге дейін біржолғы төлемді қанша қазақстандық алғаны белгілі болды. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
-
Нағыз ректор осындай болуы керек
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ақылбек Күрішбаев 2020 жылдың 27 тамызынан дейін елордадағы «С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ басқарма төрағасы қызметін атқарды.
-
Президент түрік жазушысын «Достық» орденімен марапаттады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркия астанасы Анкарада Қазақстан Елшілігінің ұйымдастыруымен Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған іс-шара өтті, деп хабарлады сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.
-
Маңғыстау облысында екі туристік орталық ашылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Kazakh Tourism-нің баспасөз қызметі хабарлады.
-
Түркістандық полицейлер 2 күн ішінде 600-ге жуық тұрғынды қабылдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысында полицейлер 600-ге жуық тұрғынды қабылдады.
-
Алматыда COVID-19 жұқтырғандардың 90%-ы сауығып кетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг барысында, Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Қамалжан Надыров айтты.
-
Алматыда медицина қызметкерлеріне үстемеақы төлеуге 8 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг барысында, Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасы басшысы Камалжан Надыров мәлімдеді.
-
Қағаз нұсқадағы әскери билеттерден бас тарту ұсынылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (ВАК) кезекті отырысында қорғаныс және ішкі істер салаларындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету үдерісін жеңілдету туралы ұсыныстар талқыланды.
-
Бір тәулікте коронавирустан 9, пневмониядан 7 адам көз жұмды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 8 592 адам ем қабылдауды жалғастыруда.
-
Бүгін тек бір қалада ауа сапасы нашарлайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 28 тамыз, жұма күні ауа сапасының ластануы тек Ақтөбе қаласында күтіледі, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.
-
Жұма, 28 тамызға арналған ауа райы болжамы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 28 тамыз күні ел аумағының басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.
-
Өткен тәулікте 540 адам коронавирус инфекциясынан емделіп шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елімізде өткен тәулікте 540 адам коронавирустық инфекциядан жазылып шықты, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.
-
Елімізде өткен тәулікте 165 адам коронавирус жұқтырған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елімізде өткен тәулікте 165 адам коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды.
-
Ақмола облысындағы орталық инфекциялық аурухана уақытша жабылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақмола облысындағы коронавирусқа шалдыққандарды емдеуге арналған орталық инфекциялық аурухана уақытша жабылады, деп хабарлайды "Хабар 24".
-
Пикассоның картинасын бүлдірген Лондон тұрғыны 18 ай түрмеде отырады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Лондон тұрғыны Пабло Пикассоның 1944 жылғы "Әйел мүсіні" атты картинасын бүлдіргені үшін бір жарым жыл түрмеде отырады. Бұл туралы BBC агенттігі хабарлады.
-
"Ордабасы" Еуропа лигасына жорығын аяқтады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласының орталық стадионында "Ордабасы" Румынияның "Ботошани" командасын қабылдады, деп жазды prosports.kz.
-
БҚО-да браконьерлер полицейлерді соққыға жыққан
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Батыс Қазақстан облысында полицейлер мен орман шаруашылығы инспекторларын браконьерлер соққыға жыққан. Орын алған оқиғаны облыстық полиция департаменті растады, деп хабарлайды Аstanatv.kz.
-
ASU биылғы жарыстар тізбегін 2021 жылға ауыстырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Конькимен жүгіруден Азия Одағының (ASU) президенті биылғы жарыстар тізбегінің өткізілмейтінін мәлімдеді, деп жазды Olympic.kz.
-
Шымкентте 65 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласында "Shymkent" ӘКК" АҚ 65 инвестициялық жоба жүзеге асырмақ. Бұл туралы бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте "Shymkent" ӘКК" АҚ-ның төрағасы Б. Канкин мәлім етті.
-
Ақмола облысынан мамонт сүйегі табылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұландыдан ерте замандағы жануардың сүйегі табылды. Ұзындығы бір метрден асатын сүйекті мамандар "мамонттікі" деп болжап отыр. Бұл туралы 24.kz хабарлады.
-
Шымкентте интенсивті бау көлемі артып келеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент бағбандары бүгінде озық технология тәсілімен егілген қарқынды баудың өнімділігі дәстүрлі тәсілмен егілген баудың өнімділігіне қарағанда 1,5 - 2 есеге артқанына көз жеткізіп келеді. Себебі, Шымкент қаласында соңғы екі жыл көлемінде 135 гектарға қарқынды алма бағы отырғызылған. Бұл туралы қала әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
-
"Серпін - 2050": Түркістан облысының мыңға жуық талапкері оқуға түсті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Серпін - 2050" әлеуметтік жобасы аясындағы бұл грант еліміздің оңтүстік өңірлерінен республиканың 5 облысына барып оқуға ниетті мектеп бітіруші түлектерге арналған. Өткен оқу жылында 5629 грант бөлінген. Соның ішінде 956 грантқа түркістандық талапкерлер ие болған, деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі.
Наверх