Ата Заңға 25 жыл: Мерекелік медальмен медицина қызметкерлері марапатталды

28 Тамыз 2020, 14:22
2516
Бөлісу:
Ата Заңға 25 жыл: Мерекелік медальмен медицина қызметкерлері марапатталды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде Конституциямыздың 25 жылдығына орай мерекелік медальді табыстауға арналған салтанатты жиын өтті.

Марапаттау рәсімінде Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстан Конституциясында ең үздік әлемдік тәжірибе, сондай-ақ біздің көпұлтты халқымыздың тарихи мен ұлттық дәстүрі көрініс тапқанын атап өтті. Еліміздің конституциялық дамуының бірегей тұжырымдамасын қалыптастыруда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың еңбегі зор. Еліміздің басты Заңы Елбасының институционалдық реформалары мен саяси бастамаларын қамтиды.

IMG-20200828-WA0014.jpg

Конституциямызда адам, оның өмірі, құқығы мен бостандығы сынды ең жоғары құндылықтар бекітілген және азаматтардың мүддесіне қызмет етеді. Еліміздің негізгі Заңы халықтың денсаулық сақтау сынды басты құқығын қорғайды. Басты құқықтық құжаттың 29-бабында азаматтардың тегін кепілдендірілген медициналық көмек алу құқығы бекітілген, - деді Цой.

Мерекелік күнге орай еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 150 медицина қызметкерін, Денсаулық сақтау министрлігінің қызметкерлерін және өңірлердегі денсаулық сақтау жүйесі өкілдерін Конституцияның 25 жылдығына арналған мерекелік медальмен марапаттау туралы ;арлыққа қол қойды.

IMG-20200828-WA0012.jpg

Мерекелік медаль «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» Бас директоры-Басқарма төрағасы Ерік Байжүнісовке, Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды үйлестіру департаментінің директоры Гүлжан Шайхыбековаға, ALMAU Денсаулық сақтау менеджерлерін даярлау бойынша оқытушы Татьяна Иссыкке, Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету және стандарттау департаментінің директоры Александр Костюкке, Қоғамдық денсаулық сақтау саясаты департаменті қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Гүлнар Құспекова, медициналық-әлеуметтік көмек департаменті әлеуметтік маңызы бар аурулар кезінде медициналық көмек басқармасының басшысы Гүлнар Мақсұтова, Қоғамдық денсаулық сақтау саясаты департаменті қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бас сарапшысы Рабиға Милыбаева, медициналық-әлеуметтік көмек департаменті медициналық оңалту басқармасының бас сарапшысы Гүлзира Тәжібаева және Денсаулық сақтау министрлігі мен ведомствоға қарасты ұйымдардағы бірқатар маманға табыстады.

Салтанатты жиынға мерекелік медальға ие болған қызметкерлердің төртеуі ғана қатысты, қалғандары Webex бойынша қашықтан марапатталды.

ҚР Президентінің 2020 жылғы 20 тамыздағы №387 жарлығына сәйкес ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бойынша жалпы 150 адам, оның ішінде орталық аппараттан 17, Комитет және оның аумақтық бөлімшелерінен 47 адам, ведомствоға қарасты ұйымның 86 өкілі марапатталды.

Өзгелердің жаңалығы