Алматыдағы рейд: Ойын-сауық мекемесінде 80 адамның болғаны анықталды

28 Тамыз 2020, 12:45
1003
Бөлісу:
Алматыдағы рейд: Ойын-сауық мекемесінде 80 адамның болғаны анықталды

Алматы, BAQ.KZ. Nur Otan партиясы Алматы қалалық филиалының төрағасы Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасын орындау мақсатында партия өкілдері ҚБТУ-мен және полиция департаментімен бірлесіп карантиндік режимнің бұзылуын анықтау бойынша жұмыстар жүргізуде.

Мониторингтік топ қаланың қоғамдық орындарына, атап айтқанда қоғамдық тамақтану объектілеріне шығуды жүзеге асырды. Қаланың бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің «Шектеу шараларын кезең-кезеңімен жеңілдету туралы» қаулысының әртүрлі бұзушылықтары тіркелді. Көбіне мекеме әкімшілері белгіленген нормаларды елемейді.

Түнгі сағат 23.15-те ойын-сауық мекемесінің бірінде 80 келушілердің болғаны анықталды. Сонымен қатар, олардың кейбіреулеріне спирттік ішімдіктер сатылды және мұндай жағдайлар көп кездеседі. Жалпы, бір апта ішінде мониторингтік топ 19 қоғамдық тамақтану нысандарында заң бұзушылықтарды анықтады, - делінген хабарламада.

Мекемелерге әкімшілік хаттамалар толтырылып, кейін құжаттар осы мекемелер иелерін әртүрлі баптар бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін уәкілетті органдарға берілген. Көп жағдайда олар ҚРӘҚтК 425-бабы (Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтерді бұзу) және ҚРӘҚтК 441-бабы (жекелеген қоғамдық орындарда темекі бұйымдары мен электрондық сигареттерді тұтынуға тыйым салуды бұзу) бойынша жауапқа тартылады екен. 

Еске салсақ, қаулыға сәйкес барлық қоғамдық тамақтану нысаны сағат 9.00-ден 23.00-ге дейін ашық ауада жұмыс істеуі керек және орындар саны 50-ден аспауы керек.

Nur Otan партиясы Алматы қалалық филиалы қала бойынша заңсыз әрекеттерге қатысты Партияның бақылау комиссиясына 279-88-49 телефоны арқылы хабарласуға болады.

Өзгелердің жаңалығы