"Ордабасы" Еуропа лигасына жорығын аяқтады

28 Тамыз 2020, 06:40
1144
Бөлісу:
"Ордабасы" Еуропа лигасына жорығын аяқтады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласының орталық стадионында "Ордабасы" Румынияның "Ботошани" командасын қабылдады, деп жазды prosports.kz.

Еуропа лигасының бірінші іріктеу кезеңі аясында өткен матчта қонақтар пайдасына 2:1 есебі тіркелді. "Ботошани" ойыншысы Хольцманн соққан голға алаң қожайындары сапынан Махлангу жауап қайтарған. Алайда 33 минутта Дуганджич соққан гол матч тағдырын шешіп кетті. Бір айта кетерлігі, 12 минутта "Ордабасы" ойыншысы Диакате пенальтиден гол соға алмады.

Биыл коронавирус пандемиясының салдарынан Еуропа лигасының іріктеу кезеңі бір ғана матчтан тұрады.

Еуропа лигасы. Алғашқы іріктеу кезеңі:

"Ордабасы" - "Ботошани" (Румыния) 1:2 (1:2)

Голдар: Хольцманн 25 (0:1), Махлангу 31 (1:1), Дуганджич 33 (1:2)

Өзгелердің жаңалығы