Оқыту платформаларын дайындауға бюджеттен қаржы қарастырылған ба?

28 Тамыз 2020, 16:25
1625
Бөлісу:
Оқыту платформаларын дайындауға бюджеттен қаржы қарастырылған ба?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ОКҚ-де өткен онлайн брифингте білім беру платформаларын дайындауға байланысты қойылған сұраққа қалалық білім басқармасы мен платформа негізін қалаушылар жауап берді.

Алдағы уақытта Daryn.online сияқты неше компания қанша оқушыны қамтымақ. Бұл ресурстарды дайындауға, халыққа ұсынуға бюджеттен қаржы қарастырылған ба не тендер жүргізіле ме? Білім және ғылым министрлігіне қарасты білім басқармалары қандай да бір білім ошақтарына онлайн ресурсты ұсынуға құқығы бар ма? Ресми ведомствоның рұқсатын алу үшін Education  компанияларға қандай талап, критерийлер қойылады? Әлде кез келген кәсіпкер оқу платформасын ұсына ала ма? – деп тілші брифингке қатысушыларға сауал жолдады.
Daryn.online білім беру платформасына 2 млн 700 жуық қолданушы тіркелген. Бұл бір жылдағы көрсеткіш. Осы жылы 1 қыркүйектен бастап республика бойынша 1 491 мектеппен келісімшарт жасалып, шамамен 1,5 млн-1,8 млн мектеп оқушылары қолданады деп күтіп отырмыз. Кез келген білім саласындағы стартап өзінің жобасымен келуіне болады. Мысалы біз де өзіміз солай жасадық. Daryn online платформасына 100% жеке компания. Біз өзіміздің өнімімізді ұсындық. Барлық тексеруден өткіздік. Мысалы, Шолпан Маратқызы Нұр-Сұлтан қаласында барлық мектепке кіріп жұмыс жасауға рұқсатын берді. Сондықтан да кез келген білім саласындағы стартап жобаларға жол ашық. Тек сапасы жоғары деңгейде болса жеткілікті, – деді Daryn.online порталының негізін қалаушыларының бірі Ержан Оңалбаев.
Нұр-Сұлтанның білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырова жақсы стартаптар болса, қарастыруға дайын екенін айтты.
Бұл енді министрлікке жолданған сауал болуы керек. Дегенмен осындай жақсы стартаптар болса, қосымша тағы платформалар ашылса, онда неге қолданбасқа?! Әрине олардың өздерінің талаптары болады. Оған енді құзырлы органдар қарастырып, кейін бізге ұсынатын болса, біз қарауға дайынбыз, - деп жауап басқарма басшысы.

Санжар Кенжеханұлының сөзінше, платформалардың шығыны сараптаманың негізінде жасалады. 
Министрліктің Оқулық деген орталығы бар. Олар мектептерге ұсынатын сабақтарды арнайы тексереді. Соның негізінде кіретін оқулықтар, қосымша материалдар, цифрлық материалдар сараптамадан өтіп, кейін басқармаларға ұсынылады. Осыдан кейін барып бұйрықтың негізінде шарттар жасалады. Екінші мәселе, IV тоқсанда мейлінше тегін ұсынуға тырыстық. Себебі әлем осындай форматта жұмыс істеді. Дегенмен біздің ұжым 5 700 сабақты тек қана I тоқсанға әзірлеу үшін, ішіндегі технология, серверлерді қамтамасыз ету қаражатты талап етеді. Бүкіл республикадағы басқармалар облыстық, қалалық, аудан бөлімдері платформаларды салыстырды. Ішінде не бар? Қандай мүмкіндіктер бар? Сапа жағын қарастырды. Мысалы, біздің ұжым 10 жыл бойы цифрлық білім беру саласында жұмыс істеп келе жатыр. Осы ретте ата-аналар немесе оқушылар өз қалталарынан ешқандай ақша төлемейді. Мұны салыстыру, сараптама жасау негізінде басқармалар, аудандар қамтамасыз етеді, - деп жауап берді Bilim Media Group компаниясының директоры Санжар Кенжеханұлы.

Өзгелердің жаңалығы