40 000 теңге. 17 мыңнан астам бала мектепке қажетті жабдықпен қамтылады

28 Тамыз 2020, 15:27
1585
Бөлісу:
40 000 теңге. 17 мыңнан астам бала мектепке қажетті жабдықпен қамтылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметінде» өткен баспасөз конференциясында қалалық білім басқарма басшысы Шолпан Қадырова айтты.

Барлық педагог 100% 24-28 тамыз аралығында Назарбаев Зияткерлік мектептері дербес білім беру ұйымының Педагогикалық шеберлік орталығы әзірлеген «Қашықтан оқытуды үйренеміз» онлайн курсына қатысты. 

Жазғы кезеңде педагогтар «Педагогикалық шеберлік виртуалды» зертханасында білім алды. Онымен қоса, «Астаналық электрондық мектеп» платформасы әзірленді. Онда қысқамерзімді сабақ жоспарлары, бейнесабақтар, басқа да ресурстар орналастырылды, - деді Қадырова.

18 тамызда әлеуметтік аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға материалдық көмек көрсетуге бағытталған «Жалпыға бірдей міндетті білім беру» бағдарламасы басталды. Бүгінгі күнде 8 730 бала көмек көрсетілді. 16 компания 27 сауда нүктесі бойынша жұмыс істейді. 

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша осы жылы мектеп киімін, құрал-жабдық сатып алуға бір балаға 40 мың теңге көлемінде қаражат бөлініп отыр. 17 мыңнан астам баланы қамтимыз деп отырмыз. Қордың жалпы суммасы 680 млн теңге, - деді ол.

Жыл соңына дейін елордада 13 нысанды пайдалануға беру жоспарланып отыр. Оның ішінде 7 мектеп, 6 жапсаржай. 1 қыркүйекке дейін 3 мектеп пайдалануға беріледі. Қалған білім беру нысандарының құрылысы осы жылдың соңына дейін аяқталады.

Өзгелердің жаңалығы