Бір тәулікте коронавирустан 9, пневмониядан 7 адам көз жұмды

28 Тамыз 2020, 09:01
808
Бөлісу:
Бір тәулікте коронавирустан 9, пневмониядан 7 адам көз жұмды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 8 592 адам ем қабылдауды жалғастыруда. 

Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 531 жағдайы және 7 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 43 адам емделіп шықты.

1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 24 632, 278 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 5 299 жетті.

Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 8 592 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 38 өскіншек бала бар. Стационарларда 4 320 науқас жатыр. 4 272 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. Жалпы науқастардың арасында 255 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 44 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 46 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр, - делінген хабарламада.

ac7275e1-6489-4d11-abee-de5e02de8753.jpg

Өзгелердің жаңалығы