Сағынтаев Жетісу ауданындағы абаттандыру жұмыстарымен танысты

28 Тамыз 2020, 18:54
1246
Бөлісу:
Сағынтаев Жетісу ауданындағы абаттандыру жұмыстарымен танысты

Алматы, BAQ.KZ. Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев бүгін қаладағы Жетісу ауданындағы абаттандыру жұмыстарымен танысты. 

Жетісу ауданының аумағын абаттандыру жұмыстарымен таныстым. Қаланың бұл өнеркәсіптік бөлігіне демалуға, уақытты тиімді өткізуге арналған демалыс орындары мен қоғамдық кеңістіктер бұрыннан қажет болатын. Биыл мұнда ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Ауданның барлық ықшамаудандарында 12 сквер абаттандырылды. Оның үшеуі дайын, қалғандары қыркүйек айында тапсырылады,- деп жазды ол instagram-дағы парақшасында.
Оның айтуынаша, алты саябақтағы, соның ішінде Айнабұлақ 1 мен 2 ықшамауданындағы жөндеу жұмыстары «Бюджетке қатысу» жобасы аясында жүргізілуде. Яғни, демалыс орындарының қандай болатынын тұрғындар өздері белгілеп берді. 
Мұнда ыңғайлы орындықтар мен жолдар, балалар мен спорт алаңдары болады. Айта кетейік, ауданда биыл 25 шақырым жол мен тротуарлар жөнделеді. Бұл өткен жылдарға қарағанда бес есе көп. Аудан, әсіресе, оның тұрғындары жаңа өмірге аяқ басады,-деп жазды әкім.

Өзгелердің жаңалығы