Францияда індеттің таралуы қайта күшейді

28 Тамыз 2020, 22:14
1092
Бөлісу:
Францияда індеттің таралуы қайта күшейді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Соңғы бір тәулікте коронавирус 6 мыңнан астам адамнан анықталған, деп жазды «Хабар 24».

Бұл індет басталғалы осымен екінші рет тіркеліп тұрған жоғарғы көрсеткіш. Дертті жұқтырғандар саны барлық аймақта өскен. Осыған байланысты «қызыл аймақ» қатарына жатқызылған өңірлер саны артып келеді.

Ал Парижде бүгіннен бастап баршаға қоғамдық орындарда бетперде тағып жүру міндеттелді. Айта кетейік, Франция – Еуропада коронавирус дерті көп таралған елдің бірі. Мұнда вирусты жұқтырғандар саны 240 мыңға жуықтаған.
Өзгелердің жаңалығы