Все новости за 3 ақпан 2020
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
6G жылдамдығы ашылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сарапшылардың бағалауы бойынша, 6G 5G-ға қарағанда мың есе жылдам болады. Алтыншы буын желілеріндегі деректерді беру жылдамдығы секундына бір терабитке жетуі мүмкін, деп хабарлайды PhonAndroid.
-
2020 жылы бірқатар ауылға жедел интернет тартылады – Қарағанды облысы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысында сандық технологияларды енгізу мәселесі талқыланды, деп хабарлады облыс әкімдігінің ресми сайты.
-
Қаңтарда азық-түлік бағасы өсті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылдың қаңтарында азық-түлік тауарларының бағасы 0,9%, азық-түлік емес тауарлар 0,5%, ақылы қызметтер 0,5% қымбаттады, деп жазады 7kun.kz.
-
Қарағанды облысына оңтүстік өңірлерден көмекке техника жіберіледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысында қар тазалау мәселесі күн тәртібінен түспеуде. Қар үйінділерін жоюға барлық күштер жұмылдырылған.
-
Алматыда әйелдер арасындағы хоккейден ел біріншілігі өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 5-9 ақпан аралығында Алма қаласының Балуан Шолақ спорт кешенінде әйелдер арасындағы хоккейден ел біріншілігінің екінші кезеңі өтеді.
-
Павлодар мектебінен 500-ге жуық адам эвакуацияланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мұндай шешім қабылдауға ғимараттың жертөлесінде орналасқан қалқандағы электр сымдарының қысқа тұйықталуы себеп болды, деп хабарлады pavlodarnews.kz.
-
Елордада қарды уақытылы тазаламаған ұйымдарға айыппұл салынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорданың санитарлық жағдайын жақсарту мақсатында Полиция Департаментінің Жергілікті полиция қызметі басқармасы күнделікті негізде қала аумағын қар мен мұздан тазарту жұмыстарын бақылауда, деп жазады қала әкімдігінің ресми сайты.
-
Сенатта инклюзивті білім беру деңгейінің төмендігі айтылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Дариға Назарбаеваның төрағалық етуімен Сенат Бюросының отырысы болды.
-
Қытайда шетелдік 16 адам коронавирус жұқтырған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қытайда коронавирус жұқтырған шетелдіктердің барлығы аман. Екеуі аураханадан шығарылды. Ел бойынша коронавирусты 16 мың адам жұқтырған.
-
Павлодарда жолда қалған Өзбекстанның 37 азаматы құтқарылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ресей Федерациясынан шыққан автобус "Қызылорда - Павлодар" тас жолының 203-ші шақырымында сынып қалған, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
-
Әр үйдің құрылысы бойынша іс-шаралар жоспары әзірленді – әкімдік
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қала әкімінің орынбасары Алтынбек Қайсағалиев "Royal EXPO apartments" тұрғын үй кешенінің үлескерлерімен кездесті.
-
Мұғалімдердің жалақысы 30%-ға өсті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінде оқытушы-профессорлар құрамының айлық жалақысы 30 пайызға өсті деп хабарлайды оқу орнының баспасөз қызметі.
-
Қазақстанда 85 мыңнан астам студент жатақханаға мұқтаж
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еліміздегі жоғарғы оқу орындары мен колледждерде 85 мыңнан астам студент жатақханаға мұқтаж, деп хабарлайды Хабар 24.
-
Елімізде 1,2 млн кәсіпкер салықтан босатылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары міндетін атқарушы Жәнібек Нұржанов шағын және орта бизнесті тексеруге мораторий енгізу және 3 жыл мерзімге салық төлеуден босату туралы түсініктеме берді.
-
Дәрігерлер Уханьнан жеткізілген студенттердің жағдайын айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен қызметтер қауіпсіздігінің сапасын бақылау комитеті төрағасының орынбасары Нұрқан Сәдуақасов Уханьнан жеткізілгеннен кейін карантинге жатқызылған студенттердің жағдайын айтып берді.
-
Коронавирусты тез емдеудің жолы табылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жергілікті аурухана дәрігері 48 сағатта қытайлық вирустан егде жастағы әйелді айықтырды. Дәрігер небәрі екі препаратпен емдеген. Бұл туралы Тайландтың денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап CNN хабарлады.
-
Австрияда әлемдегі ең биік аққала жасалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Австрияның Ризнералым курортында әлемдегі ең үлкен аққала жасалды. Оның биіктігі – 38,4 метр.
-
Қасым-Жомарт Тоқаев Сооронбай Жээнбековпен телефон арқылы сөйлесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекеттер басшылары қазақ-қырғыз стратегиялық серіктестігі мен одақтастық қатынастардың қазіргі ахуалын және оны одан әрі нығайтудың перспективаларын талқылады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
-
Ақтөбеде шет елден әкелінген көліктерді тіркеу басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Автокөлік иелері үшін мамандандырылған ХҚКО ақпан айында демалыссыз жұмыс жасайды, деп хабарлады Aktobenews.kz.
-
Уханьда 10 күнде салынған аурухананың фотолары шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Уханьда коронавирус жұқтырған науқастарды емдеуге арналып, жылдам салынған аурухана жұмыс істей бастады.
-
Ресейден коронавирусты анықтайтын тест жеткізілді
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Ресейден коронавирусты анықтайтын тесттер жеткізілді. Енді еліміз, оның ішінде Алматы қаласы да қауіпті вирусқа қарсы тест жұмыстарын жүргізуге дайын. Бұл туралы Алматы қаласы тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Айзат Молдағасымова брифинг барысында айтты.
-
Үрейлі ақпарат таратуды доғарыңыздар – Бекшин
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Шетелден келген бойда дене қызуыңыз бар екенін байқасаңыз, ол туралы әлеуметтік желілерде жазудың еш қажеті жоқ.
-
Коронавирус: 362 адам көз жұмып, 483 адам толық жазылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Еліміздің бас санитарлық дәрігері Ухань қаласында толық жазылғандар саны қайтыс болғандар санынан көп екенін хабарлады. Ол бұның қуанышты жаңалық екенін айтты.
-
Нұр-Сұлтанда мас адам жолаушылар автобусын айдап кетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада мас жігіт жүргізушінің көзінше маршруттық автобусын айдап кеткен.
-
Бекшин: Уханьнан келгендердің ешбірінен коронавирус табылмады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. "Өлім вирусының" ошағына айналған Ухань қаласынан елге эвакуацияланған азаматтар коронавирус жұқтырмаған. Бұл туралы еліміздің бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин хабарлады.
-
Қытаймен шекара жабылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгіннен бастап Қытаймен шекара іс-жүзінде жабылды. Соңғы ұшақтар қазақстандық азаматтарды алып келеді және ертеңнен бастап тікелей әуе қызметі тоқтайды. Бұл туралы бүгін "ҚазМедиа" орталығында өткен баспасөз брифингінде Бас санитарлық дәрігер Жандарбек Бекшин мәлім етті.
-
Алматыда қылмыстық топтың басшысы "Серик-голова" ұсталды
ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті ҚР Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, Серік Жаманаев (қылмыстық лақап аты – "Серик-голова") жетекшілік еткен ұйымдасқан қылмыстық топтың жолын кесті.
-
Министр елдегі аса өткір екі мәселені айтып, алаңдаушылық білдірді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Парламент Мәжілісінде жаңа экологиялық кодекстің жобасын таныстырған ҚР экология, геология және табиғи ресрустар министрі Мағзұм Мырзағалиев елдегі екі аса өткір мәселені айтып алаңдаушылығын білдірді.
-
Қазақстан триатлон федерациясының басшысы ауысты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Назарбаев университетінде Қазақстан триатлон федерациясының (ҚТФ) жыл сайынғы конгресі өтті. Бұл туралы федерацияның баспасөз қызметі хабарлады.
-
Дәстүрлі QazForum форумы өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласында QazForum – қазақ тілді онлайн медиаға арналған ең ірі кәсіби форум өтеді.
-
Помпео ШҰАА этникалық қазақтармен кездесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ мемлекеттік хатшысы Помпеонің Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданында адам құқықтары дағдарысынан зардап шеккен этникалық қазақтардың отбасы мүшелерімен кездесті.
-
Нұртас Адамбаев экология амбассадоры атанды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Нұр-Сұлтанда республикамыздың түпкір-түпкірінен келген қоғам белсенділері, волонтерлар, мемлекеттік құрылымдар мен халықаралық ұйым өкілдерінің бірінші республикалық эко-слеті өткізілді.
-
Инспекция басшысы 20 мың теңге пара алды деген күдікке ілінді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің Ақтау қалалық инспекциясының басшысы сыбайлас жемқорлық үшін күдікті
-
Хәрри Поттер қазақша сөйледі
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Британ жазушысы Жоан Роулиңнің әлемге әйгілі Хәрри Поттер шығармасы қазақ тілінде жарық көрді.
-
97 мыңнан астам отбасы АӘК тағайындауға құжат тапсырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биылғы жылдың 3 ақпандағы жағдай бойынша атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға өтініш 97,5 мың отбасынан қабылданды, оның құрамына 504,3 мың адам кіреді, оның ішінде 323,4 мыңы бала.
-
ХҚКО-да мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған арнайы кабинет ашылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылорда қаласының №1 орталық ХҚО-да мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған кабинет ашылды.
-
Танзанияда зәйтүн майын жағуға келген 20 адам қайтыс болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қайғылы жағдай стадионда орын алды. Зәйтүн майын жағуға жиналған адамдар шығатын жерде бір-бірін таптап тастады.
-
Қазақстанда күн жылынады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктері 4-6 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынды.
-
Үкіметтің 2019 жылы атқарған жұмысы – инфографика
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылғы 24 қаңтарда Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Үкіметтің 2019 жылы атқарылған жұмысына шолу жасалды.
-
Грецияда сотталған дрон арқылы "сәлемдеме" алып отырған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Грецияның орталығындағы Трикала қаласында орналасқан түрмеде жазасын өтеп жатқандар дрон арқылы "сәлемдеме", оның ішінде ұялы телефон алып отырған. Бұл туралы жергілікті полиция хабарлады.
-
ҰҚК терроризмге қатысы бар қылмыстық топты ұстады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы ҚР ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады.
-
Министр зейнетақы жинақтарына қатысты өз ұсыныстарын айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мемлекет басшысының әлеуметтік-еңбек саласы бойынша берген тапсырмаларын іске асыру барысы туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов баяндады.
-
Қазақстандық таеквондошылар 5 медаль жеңіп алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық таеквондошылар Фуджайрадағы (БАӘ) рейтингтік "Fujairah Open G2" халықаралық турнирінде 5 медаль жеңіп алды, деп хабарлады Olympic kz.
-
Саудиялық шейхтер Хабибке 100 млн доллар төлеуге әзір
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сауд Арабия елінің шейхтері Хабиб Нурмагомедов ирландиялық Конор МакГрегормен және американдық Флойд Мейуэзермен жекпе-жек өткізсе, 100 миллион доллар төлеуге дайын, деп хабарлайды Sport24.
-
"Астананың" жаңа ойыншысы Эбонг туралы не білеміз?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі.«Астана» футбол клубы жақында Беларусь құрамасының 20 жастағы жартылай қорғаушысы Макс Эбонгпен келісімшартқа отырды. Барлығы жақсы болса, алдағы 4 маусымда бұл футболшы еліміздің алты дүркін чемпиондарының намысын қорғайды.
-
Алматыда барлық халықаралық рейстерге санитарлық-карантиндік бақылау күшейтілді
Алматы, BAQ.KZ. Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
-
Енді QR-код көмегімен азық-түлік өнімдері туралы толық ақпаратты білуге болады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешенді цифрландыру бағдарламасы аясында жақын арада ауыл шаруашылығы өнімдерін қадағалаудың салалық жүйесін енгізуді жоспарлап отыр.
-
Сыртқы істер министрінің орынбасары тағайындалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады.
-
Коронавирус жұқтырған жүкті әйел өмірге дені сау бала әкелді
Алматы, BAQ.KZ. Қытайдағы Харбин қаласының короновирус жұқтырған тұрғыны өмірге дені сау қыз бала әкелді. Бұл туралы "Сина" порталы хабарлады.
-
Абақтыда 43 жыл кінәсіз отырған адамға өтемақы берілмеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ-та кісі өлтіргені үшін көп жыл түрмеде отырып, бірақ кейін ақталған адамға өтемақы берілмейтін болды. Енді ол өзіне тиесілі төлемді сот арқылы өндіріп алмақшы, деп хабарлайды The Black Detour басылымы.
-
Елімізде орташа айлық жалақы 203 мың теңге көлемінде
Алматы, BAQ.KZ. 2019 жылғы IV тоқсанда бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 203883 теңгені құрады. Атаулы жалақы индексі 2018 жылғы тиісті тоқсанына 115,8%, ал нақты жалақы индексі 109,9% құрды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті хабарлады.
-
Ғалымдар коронавирусты оқшаулаудың әдісін тапты
Қытай билігі коронасируспен күрес үшін 60 мың дәрігерді жұмылдырды. Тағы медициналық жабдықтар, қорғау маскалары мен костюмдарын өндіруді жоспарлап отыр.
-
Үкімет ЕАЭО аумағынан көлік әкелуге қатысты қаулы шығарды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Үкіметі Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде тіркелген жекелеген көлік құралдарын Қазақстан Республикасына әкелудің және ҚР азаматтарының пайдалануына қатысты жаңа қаулы шығарды.
-
Қытай қор биржалары коронавирус салдарынан құлдырады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жаңажылдық демалыстардан кейін Қытай қор биржасындағы алғашқы сауда дүйсенбіде 8%-дан астам көлемде құлдырады.
-
Алматыда мұздағы мотожарыстан әлем чемпионатының финалы өтті
Алматы, BAQ.KZ. Кеше "Медеу" мұз айдынында кезекті рет Халықаралық Мотоцикл федерациясының (FIM) қолдауымен спидвейден жеке есептегі әлем чемпионатының финалы өтті.
-
13 бас жылқыны қолды еткен күдікті ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысы полиция департаментінің басшысы полиция полковнигі А.Оразалиевтің атына Т.Рысқұлов ауданының тұрғыны аудандық полиция бөлімі қызметкерлеріне ұрланған жылқыларын табуға қолғабыс еткені үшін алғыс хатын жолдады, - деп хабарлайды Polisia.kz.
-
Еліміздің екі облысын тұман басып, көктайғақ болады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктері еліміздің екі облысы мен қаласында дабылды ескерту жасады.
-
Батыр Жүкембаев WBA рейтингіне енді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүкіләлемдік бокс қауымдастығы (WBA) қарсыласын нокаутпен жеңген қазақстандық Батыр Жүкембаевты (18-0, 14 КО) кейін өз рейтингіне қосты, деп хабарлайды Vesti.kz.
-
Лондондағы шабуыл терроризммен байланысты – полиция
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шабуыл жасаған жігіттен жарылғышқа ұқсас зат табылды. Ол қылмыс жасаған кезде артынан аңдышулар болды.
-
Қытайда коронавирустан көз жұмғандар саны 361-ге жетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ал індетті жұқтырғандардың қатары 16600-ге жуықтады. Бұл туралы CNN ақпарат агенттігі хабарлады.
-
Еліміздің бірқатар аумағында ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК Қазақстанның үш облысында ауа райына байланысты ескерту жариялады.
-
3 ақпанға арналған ауа райы болжамы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан осы уақытта атлантикалық циклонның ықпалында. Осыған байланысты республиканың басым бөлігінде жауын, қар жауады.
Наверх