Мұғалімдердің жалақысы 30%-ға өсті

3 Ақпан 2020, 19:50
2733
Бөлісу:
Мұғалімдердің жалақысы 30%-ға өсті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінде оқытушы-профессорлар құрамының айлық жалақысы 30 пайызға өсті деп хабарлайды оқу орнының баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың білім беру сапасын арттыру және педагогтарды қолдау туралы тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында қолға алынған. Оқытушылар жалақысының өсуі ғалымның қоғам алдындағы беделін арттырады, - дейді ЖОО ректоры Анар Каирбекова.

Еске салайық, ҚР білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мемлекеттік ЖОО ректорларына  оқытушылардың еңбекақысын 2020 жылдың 10 қаңтарына дейін арттыру міндетін жүктеген болатын. 

Сондай-ақ, министр жоғары оқу орындары оқытушыларының жалақысы мекеменің қаражаты есебінен өсетінін де атап өткен.

Өзгелердің жаңалығы