Грецияда сотталған дрон арқылы "сәлемдеме" алып отырған

3 Ақпан 2020, 13:46
1542
Бөлісу:
Грецияда сотталған дрон арқылы "сәлемдеме" алып отырған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Грецияның орталығындағы Трикала қаласында орналасқан түрмеде жазасын өтеп жатқандар дрон арқылы "сәлемдеме", оның ішінде ұялы телефон алып отырған.  Бұл туралы жергілікті полиция хабарлады. 

Сенбі күні кешке түрменің сыртқы күзет қызметкерлері пенитенциарлы мекеменің төбесінен екі дронның ұшқанын байқап қалады. Сөйтіп бірден түрменің ауласы мен сотталғандар отырған камераны тінтіп шығады. Сөйтіп бес ұялы телефон, сегіз сим-карта, USB және телефон құлаққаптарын тәркілеген.

Тергеу жүріп жатыр. Былтыр да түрменің үстінен дрон ұшқан жағдайлар болған.

Өзгелердің жаңалығы