Қаңтарда азық-түлік бағасы өсті

3 Ақпан 2020, 22:57
1285
Бөлісу:
Қаңтарда азық-түлік бағасы өсті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылдың қаңтарында азық-түлік тауарларының бағасы 0,9%, азық-түлік емес тауарлар 0,5%, ақылы қызметтер 0,5% қымбаттады, деп жазады 7kun.kz.

Өз кезегінде, өткен айда инфляция 0,7%-ға тең болды.

Инфляцияның ең жоғары деңгейі Түркістан облысында тіркелген. Бір айда баға мен тарифтер 1,4%-ға өсті. Шымкентте бұл көрсеткіш 1%-ға, Ақтөбе облысында – 0,9%-ға, Атырау және Жамбыл облыстарында — 0,8%-ға ұлғайды.

Ал Ақмола, Маңғыстау және Шығыс Қазақстан облыстарының тұрғындары көп шығындалмады, онда қаңтар айында инфляция 0,4% болды.

Өзгелердің жаңалығы