Абақтыда 43 жыл кінәсіз отырған адамға өтемақы берілмеді

3 Ақпан 2020, 11:23
1835
Бөлісу:
Абақтыда 43 жыл кінәсіз отырған адамға өтемақы берілмеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ-та кісі өлтіргені үшін көп жыл түрмеде отырып, бірақ кейін ақталған адамға өтемақы берілмейтін болды. Енді ол өзіне тиесілі төлемді сот арқылы өндіріп алмақшы, деп хабарлайды The Black Detour басылымы.

Клиффорд Уильямс және оның жиені Нэтен Мейерс түрмеде 43 жыл отырып шықты. Олар 1976 жылы Джексонвиллде әйел өлтіріп, оның бөлмедегі көршісін өлтіруге оқталғаны үшін айыпталған болатын. 2019 жылы ер адамдар кінәсіз деп танылып, босатылды.

Штаттың заңына сәйкес, ақталып шыққан азамат түрмеде отырған әр жылы үшін 50 мың долларға (шамамен 19 млн теңге) дейін ақша алуға құқылы. Мейерске мұндай өтемақы тағайындалса, Уильямсқа ол берілмеді. Себебі ол оған дейін екі рет сотталған еді, ал ондай кезде төлем берілмейді.

Алайда 77 жастағы америкалық бұл ақшаны алуды жоспарлап отыр. Қаңтар айының ортасында азаматтық сот өндірісі палатасының субкомитетінің тыңдауы өтіп, онда шешім оның пайдасына бір ауыздан қабылданды. Уильямсқа комитет төрағасы қолдау көрсетті.

Енді жазықсыз сотталған ер адам үшін келесі қадам – Таллахасси қаласына барып, сол жерде штаттың билігінен өтемақы талап ету. Егер ол табысқа жететін болса, Уильямс 2,5 миллион доллар алуы мүмкін.
Өзгелердің жаңалығы