13 бас жылқыны қолды еткен күдікті ұсталды

3 Ақпан 2020, 09:59
1545
Бөлісу:
13 бас жылқыны қолды еткен күдікті ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысы полиция департаментінің басшысы полиция полковнигі А.Оразалиевтің атына Т.Рысқұлов ауданының тұрғыны аудандық полиция бөлімі қызметкерлеріне ұрланған жылқыларын табуға қолғабыс еткені үшін алғыс хатын жолдады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Өткен жылдың соңында аталған ауданға қарасты Құлан аулының "Шөңгер" тау бөктерінің жайылымынан 58 жастағы тұрғынның жеке шаруақожалығына тиесілі 13 бас жылқы малы ұрланғаны туралы аудандық полиция бөліміне шағым түскен. 

Полиция қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде 2020 жылдың 21 қаңтарында қылмысқа қатысы бар Т.Рысқұлов ауданының 44 жастағы тұрғыны анықталып, ұсталды.Күдікті кінәсін толық мойындап, аудандық уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Ұрланған жылқылар иесіне қайтарылды, - делінген хабарламада.  
Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша, Қылмыстық кодекстің 188-бабының 3-бөлігі ("Ұрлық") сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Өзгелердің жаңалығы