3 ақпанға арналған ауа райы болжамы

3 Ақпан 2020, 08:07
1150
Бөлісу:
3 ақпанға арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан осы уақытта атлантикалық циклонның ықпалында. Осыған байланысты республиканың басым бөлігінде жауын, қар жауады.

"Қазгидромет" РМК-дан хабарлағандай, республиканың батысында күндіз қатты жауын жауады. Солтүстікте және орталықта аздаған қар жауады, тек елдің шығысында антициклонның әсерінен жауын-шашын болмайды. Кей жерде тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейіп, елдің батысында және орталығында жаяу бұрқасын болады.

Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Атырау, Жамбыл, Ақтөбе облыстарының кей жерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Жел 15-20 м/с жылдамдықпен ұйтқиды.

Қызылорда, Павлодар облыстарының кей жерінде тұман түсіп, көктайғақ болады.

Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қарағанды облыстарының кей жерінде де тұман болады.

Қарағанды облысында күндіз жаяу бұрқасын болуы ықтимал.

Шығыс Қазақстан, Түркістан облыстарының кей жерінде тұман түсіп, жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.

Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында желдің жылдамдығы секундына 18-23 метрге жетеді.
Өзгелердің жаңалығы