Еліміздің екі облысын тұман басып, көктайғақ болады

3 Ақпан 2020, 09:45
1773
Бөлісу:
Еліміздің екі облысын тұман басып, көктайғақ болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктері еліміздің екі облысы мен қаласында дабылды ескерту жасады.

3 ақпанда Атырау облысының кей жерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз кей жерде жылдамдығы 15-20 м/с дейін жетеді.

Атырау қаласында 3 ақпанда тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді.

Дабылды ескертудің ықтималдылығы – 80-85%.

3 ақпанда Ақмола облысында күндіз кей жерде тұман, көктайғақ күтіледі.

Дауылды ескертудің ықтималдылығы – 85-90%.

Нұр-Сұлтан қаласында 3 қаңтарда көктайғақ сақталады. Дауылды ескертудің ықтималдылығы – 90-95%, - делінген синоптиктер хабарламасында.

Өзгелердің жаңалығы