Қазақстанда 85 мыңнан астам студент жатақханаға мұқтаж

3 Ақпан 2020, 19:22
1243
Бөлісу:
Қазақстанда 85 мыңнан астам студент жатақханаға мұқтаж

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еліміздегі жоғарғы оқу орындары мен колледждерде 85 мыңнан астам студент жатақханаға мұқтаж, деп хабарлайды Хабар 24.

Еске салсақ, Елбасы бес әлеуметтік бастамасында 2022 жылға дейін студенттерге арнап, 75 мың орындық жатақхана салуды тапсырған болатын. Екі жылдан бері соның тек 9200 ге жуық орны пайдалануға берілді. Ал, осы уақытқа дейін тапсырылуы тиіс екі мың 190 орынды қамтитын нысандардың құрылысы әлі аяқталған жоқ. Бұл өте төмен көрсеткіш.

Сондықтан аталған мәселені "Nur Otan" партиясы өз қадағалауында ұстап, бақылауды күшейте түспек, бұл жайында Мәжіліс депутаттары мен білім және ғылым министрлік өкілдерінің қатысуымен өткен жиында айтылды. Оған жоғарғы орындары мен инвесторлар арасындағы келісім шарттың ұзаққа созылуы, жердің дер кезінде бөлінбеуі, жобалық сметалық құжаттың ұзақ әзірленуі сияқты жайттар кедергісін келтірген.

Біз әлі күнге дейін жастардың стреотиптен арылған жоқпыз. Студент болса оның жағдайы болмау керек. Жатын орны дұрыс болмауы қажет. Негізі олай емес қазір жағдай өзгерді. Студенттерге барлық жағдайды жасауымыз қажет. Біздің айтарымыз, бұл мәселені тікелей Елбасы тапсырғандықтан, Тұңғыш Президентіміз шегелеп айтты, "75 мың орындық жатаңханалар салынсын" деп. Біз осының орындалуын талап етуіміз қажет, - Zhas Otan жастар қанатының төрағасы, Елнұр Бейсембаев.
Өзгелердің жаңалығы