Қытаймен шекара жабылды

3 Ақпан 2020, 17:09
1812
Бөлісу:
Қытаймен шекара жабылды
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгіннен бастап Қытаймен шекара іс-жүзінде жабылды. Соңғы ұшақтар қазақстандық азаматтарды алып келеді және ертеңнен бастап тікелей әуе қызметі тоқтайды. Бұл туралы бүгін "ҚазМедиа" орталығында өткен баспасөз брифингінде Бас санитарлық дәрігер Жандарбек Бекшин мәлім етті. 

3 ақпаннан бастап Қытаймен шекара іс-жүзінде жабылды. Соңғы ұшақтар қазақстандық азаматтарды алып келеді. Ертеңнен бастап тікелей әуе қызметі тоқтайды. Ал, автобус және пойыз қозғалысы тоқтатылған. Біраз уақыт болды Қытаймен шекарадан тек ресми делегациялар мен шенеуніктер өтеді. Сондай-ақ, жүк тасымалданады. Олар екі ел Үкіметінің де шешімімен шекара бекеттерінде келген адамдардың температурасын өлшейтін жылу түсіргіштері мен сканерлерден өтуде, - деді Жандарбек Бекшин.

Бұдан басқа, ел территориясында коронавирус инфекциясын тудырмау және таралуына жол бермеу жөнінде ведомствоаралық комиссияның басшысы Бердібек Сапарбаевтың тапсырмасына сәйкес өткен аптада Қазақстан-Қытай шекарасында 8 кедендік бекетте санитарлық бақылау жүргізілген. 
Еліміздің бас санитарлық дәрігері медициналық маска өңдірушілер толық қуатпен жұмыс істеп жатқанын жеткізді. 
Үкімет коронавирусқа қатысты түрлі сатып ауларға 1,5 млрд теңге қаржы бөлді. Қажет болған жағдайда кез келген мөлшерде маска сатып аламыз, - деп атап өтті спикер. 

Сонымен қатар, Қытайдан келгендерге мониторинг жалғасуда. Олардың 90% бақыланды. Бұл жерде дене қызуы бар барлық адамдарды емес, тек ҚХР-дан 6 қаңтардан бастап елге оралғандарды тексеріп жатқанын еске сала кеткен жөн.
89 адам ЖРВИ шағымымен оқшауланған. Ауруханаға жатқызылды. Қазір 46 адам ауруханада қалды, 43 адам стационарлардан шығарылды. Науқастардан алынған барлық сынамалар зерттеп, бақылау үшін Алматыдағы Әйтімбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығына жіберілді, - деп айтты денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі. 
Өздеріңізге мәлім, 6 қаңтарда белгісіз ауру туралы БАҚ-қа мәлімдеме жасалды. Сол күннен бастап үкімет Қытайдан келген барлық жолаушыларға қосымша бақылау жүргізе бастады




Өзгелердің жаңалығы