Елордада қарды уақытылы тазаламаған ұйымдарға айыппұл салынды

3 Ақпан 2020, 21:34
1475
Бөлісу:
Елордада қарды уақытылы тазаламаған ұйымдарға айыппұл салынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорданың санитарлық жағдайын жақсарту мақсатында Полиция Департаментінің Жергілікті полиция қызметі басқармасы күнделікті негізде қала аумағын қар мен мұздан тазарту жұмыстарын бақылауда, деп жазады қала әкімдігінің ресми сайты.

"Magnum cash carry" ЖШС (Тұран даңғылы, 55), "Қазақ технология және бизнес университеті" АҚ (Мухаммедханов к-сі, 37), "Астана гүлдері" ЖШС ("Милана", Алматы к-сі, 9)-не қызмет көрсететін ұйымдарға іргелес аумақты қар мен мұздан уақытылы тазаламағаны үшін айыппұл салынды. Айыппұл көлемі 400 мың теңгені құрады.

"Mega Silk Way" СОО, "Сарыарқа" СОО, "Астаналық цирк" МКПП, "Ailand" СОО "Гастранмен" супермаркетіне (Түркістан көшесі) және т. б. қызмет көрсететін ұйымдар ескерту алды. Қысқы кезеңнің басынан бері қарды уақытында тазаламағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке 4 млн 300 мың теңге сомасына 107 қызмет көрсететін ұйымдар (ПИК, ӨК, ЖШС), ал (2020 жылдың қаңтар айында 1 млн 250 мың теңге сомасына 49 ұйым),сондай-ақ 2 млн 700 мың теңге сомасына 260 елордалық шағын және орта бизнес объектілері тартылды (2020 жылдың қаңтар айында 1 млн 250 мың теңге сомасына 126 ұйым).

Сонымен қатар мердігер ұйымдардың қар тазалау жұмыстары бақылауға алынды. Қыстык басынан бері "Қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру ережелерін бұзу..." ҚР ӘҚБК 505-бабын бұзғаны үшін барлығы 95 ұйым әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Айыппұл көлемі 5 млн 700 мың теңгені құрады. (ал 2020 жылдың қаңтар айында 38 ұйым 2 млн 500 мың теңге айыппұл төледі).

Әкімшілік жауапкершіліктен бөлек, қала әкімдігі мердігер ұйымдарға қосымша шаралар қабылдап жатыр. Атап айтқанда, көрсетілген кезеңде бір ұйым мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіміне енгізілді. 10 ұйыммен қаланы санитарлық тазалау бойынша қызмет көрсетуге келісім шарттар бұзылып, тиісті компаниялармен жаңа келісім шарттар жасалды.
Өзгелердің жаңалығы