Еліміздің бірқатар аумағында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

3 Ақпан 2020, 08:27
973
Бөлісу:
 Еліміздің бірқатар аумағында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК Қазақстанның үш облысында ауа райына байланысты ескерту жариялады.

Синоптиктердің болжамы бойынша, 3 ақпанда Қызылорда облысының кей жерінде тұман түсіп, көктайғақ болады.

Батыс Қазақстан облысының бірқатар аумағында тұман түсіп, көктайғақ, бұрқасын болады. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соққан желдің күші секундына 15-20 метрге жетеді.

Оралда тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 18 м/с.

Маңғыстау облысының бірқатар аумағында 3 ақпанда тұман түседі. Түнде кей жерде көктайғақ болуы ықтимал. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғатын желдің жылдамдығы кей жерде секундына 15-20 метрге жетеді.



Өзгелердің жаңалығы