Дәстүрлі QazForum форумы өтеді

3 Ақпан 2020, 16:16
2023
Бөлісу:
Дәстүрлі QazForum форумы өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласында QazForum – қазақ тілді онлайн медиаға арналған ең ірі кәсіби форум өтеді.  

Жыл сайын Форумда қазақ тілді медиа саласындағы үздік сарапшылар, журналистер, блогерлер мен влогерлер, веб-сайттардың бас редакторлары кәсіби тәжірибесімен бөлісу, шетелдік және жергілікті спикерлерден білім алу, бейресми ортада қарым-қатынас құру мақсатында бас қосады.

 

Биыл Форум аясында қазақ тілді онлайн контенттен ақша табу, Қазақстан медиа нарығын дамыту мәселелерін талқылау, сондай-ақ, жетекші медиа сарапшыларының қатысуымен шеберлік сабақтары мен тренингтерді өткізу жоспарланған – дейді ұйымдастырушылар.

 

Форумға бастама беруші және идея жағынан шабыт беруші  - Қазақстан Республикасындағы АҚШ Елшілігі, ұйымдастырушы - Қазақстан Баспасөз клубы.

2020 жылдың 7 ақпанында өтетін іс-шараға онлайн-БАҚ өкілдері, блогерлер, медиа сарапшылар қатыса алады.

Тіркелу үшін және форум жайлы толығырақ ақпаратты алу үшін  www.fkoc.kz сайтын қараңыз.

Өзгелердің жаңалығы